Ақмола облысындағы мектепте инклюзивті білім беру кабинеті ашылды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шортанды ауданының орталығы Шортанды кентіндегі Шортанды №1 мектеп қабырғасында инклюзивті білім беру кабинеті салтанатты түрде ашылды. Ресурстық кабинеттің ашылуы Ақмола облысының білім басқармасының Қазақстан Республикасының Білім және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Ресурстық кабинеттер желісін кеңейту» іс-шаралар жоспарының арқасында, инклюзивті білім беруді қолдаудағы «Кедергіс болашақ – кедергісіз мектеп» бірлескен жобасы аясында мүмкін болды, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Мерекелік іс-шараға Шортанды ауданының әкімі Малғаждаров Бауыржан Бағдатұлы, аудандық маслихаттың хатшысы Садвокасова Гульнур Анурарбековна қатысып құттықтау сөздерін айтып нысанның лентасын кесті. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының Шортанды аумақтық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қожамсейітов Ахмедия Шабданұлы, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің басшысы Сытник Татьяна Александровна, Шортанды ауданының ауданының білім беру бөлімінің басшысы Ахметова Шолпан Хасенқызы құттықтау лебіздерін білдірді.

Мектеп қабырғасында ашылған инклюзивті білім берудің ресурстық кабинеті кез келген баланың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың дамуы үшін кедергісіз және достық жағдай жасауға мүмкіндік беретін бірнеше аймақтардан тұратын заманауи кеңістік болып табылады. Бұл кабинет: жалпы сабақтар аймағы, жеке сабақтар аймағы, релаксация аймағы, ата-аналар аймағы деп 4 аймаққа бөлінген.

Бұнда психолог, дефектолог, логопед, әлеуметтік педагогтың қатысуымен бұзылу түрі, ақау құрылымы, жас ерекшелігі және әр оқушының, тұлғаның ерекшелігі есепке алына отырып, түзете- дамыту жұмыстары жүргізіледі. Кабинет жаңа материалдық жиынтықтармен жабдықталған. Мерекенің соңында аудан әкімі Малғаждаров Бауыржан Бағдатұлы ұжымға шығармашылық табыс, мықты денсаулық тілей отырып осы кабинеттің алда жаңа белестерді бағындыратына сенетінін айтты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий