Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы

Тәуелсіздік- бабаларымыздың ақ білегінің күшімен, ақ найзаның ұшымен келген ұлы жеңіс. Бізге болашақ жастарға міндеттелген бабалардың баға жетпес аманаты. Күні кеше қазақ хақына тәңірдің берген сыйы, азаттығымыздың 30 жылдығы айрықша құрметпен аталып өтті. Осы отыз жылдыққа алғашқы нық қадам 1991 жылдың 16-желтоқсанында жүзеге асырылды. 1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі атанды. Бұл біздің еліміздің даңқын арттыра түсті.

Отыз жыл ішінде еліміз өз шекарасын бекітіп, рәміздерін асқақтатып, алпауыт елдермен қарым-қатынасын нақтылап, терезесі тең, керегесі кең ел болды. Осы жолдарды жүріп өту барысында еліміз қаншама қиындықтар мен қатар, қуаныштарды бастан өткерді. Мәдениет пен экономика, сауда-саттық дамыды. Әсіресе атап өтетін жайт ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлттың денсаулығы мен қауіпсіздігін бірінші орынға қойып, Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қоюы еді. Осы іс бұл ауырлығы мен қайғысы мол зұлматты біржола тоқтатты.1997 жылы 20 қазанында Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жарияланды.

1998 жылы Елордамыз Ақмолаға Астана аты берілді.  Жаңа астанамыз еліміздің бас қаласы атанып гүлденіп, дамыды. Осы жылдар арасында қаншама спорттық іс-шаралар,өнер байқаулары өткізілді. Соның ішінде, 2011 жылы Қазақстанда алғаш рет қысқы Азия ойындары өтті. Қазақстанның намысын қорғаған спортшылар 70 медальді иеленді. 2020 жыл Қазақстан Республикасы үшін ғана емес, бүкіл әлемді алаңдатқан жыл болды. Коронавирус індеті елміздің бірлігін одан сайын арттырып, бірлікте болуға үйретті. Тәуелсіз – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі.

Қазақстан  тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды. Тәуелсіздіктің 30 жылы – бұл бейбітшіліктің, жасампаздықтың және заманауи мемлекеттілік пен азаматтық қоғам институттарын құрудың 30 жылы. Отыз жыл бұрын Кеңес Одағының ыдырауы жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуына әкелді.

Осы жылдар ішінде бауырлас республикаларда өмір әр түрлі жолмен дамыды. Қысқа тарихи кезеңде Қазақстан шынайы тәуелсіздікке, мемлекеттік егемендікке ие болудың, толыққанды заманауи экономика мен серпінді дамып келе жатқан әлеуметтік саланы құрудың әсерлі жолынан өте алды. Бұл оңай жол емес болды. Біздің еліміз барлық қиындықтар мен мәселелерді түсінумен бірге жүріп келеді. Өткенге көз салсақ республикамыз бұрын бүкіл Кеңес Одағын өнеркəсіп пен ауыл шаруашылығына қажетті шикізатпен қамтамасыз еткені мәлім.

Дербестік алған соң көп векторлы сыртқы саясат жүргізіп, нарықтық экономиканы құрып, бірте-бірте толыққанды егеменді және ТМД-да мықты мемлекетке айналды. Қазіргі заманда Қазақстан өз индустриалды-инновациялық саясатын жүзеге асырып жатыр. 1991 жылы 16 желтоқсан әлем картасында жаңа жас Қазақстан Республикасы пайда болды. Бұл тәуелсіздік қанша ғасырдан бері армандап келе жатқан бұрынғы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы, аналарымыздың көз жасы.

Еркіндікке қол жеткізген жас мемлекеттің алдында жасалынатын көптеген жұмыстар тұрды. Өзінің ішкі және сыртқы саясатын, экономикасы мен валютасын қалыптастыру сынды жауапты жұмыстар тұрды. Осының бәрін отыз жылда орындап, әлем жұртының алдында өзіннің даңқты ел екенін мойындата білді. Қазақстан Республикасы осы 30 жыл ішінде көптеген жетістіктерге жетіп, өзінің мәңгі ел екенін әлемге паш етті. Тәуелсізідігіміз мәңгі болғай! Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы.

Гүлбану Іздібайқызы ЕСБОЛАЙ,
Yessenov University аға оқытушысы, магистр,
Маңғыстау облысының Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий