Павлодар университетінің студенттері қайырымдылық акциясын өткізіп, қарттарды тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мереке күндері университет жатақханасында қалған Павлодар педагогикалық университетінің студенттері қайырымдылық акциясына бастамашы болды. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай студенттер 30 қарияға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік салынған жәшіктер таратты, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Еріктілер арнайы ұйымдастырылған қайырымдылық жәрмеңкеден жиналған қаражатқа азық-түлік сатып алды. Сатылымға қойылған қолөнер бұйымдарынан студенттер 200 000 теңгеге жуық табыс тапты. Содан екі күннің ішінде қарттарға азық-түлік пакеттерін жеткізіп берді.

Ата-әжелер оқу орнының белсенді жастарына алғыстарын білдіріп, болашақ ұстаздардың игі істеріне сәттілік тіледі. Естеріңізге сала кетейік, «LOTOS» еріктілер ұйымы Павлодар педагогикалық университетінде игі істерді жүзеге асыру үшін құрылған.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий