Өзбекстанның білім министрі Бахтиёр Саидов Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жетістіктеріне тәнті болды

Өзбекстан Республикасы білім министрлігінің делегациясы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның тарихы және жетістіктерімен танысты. Елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп директоры Мейрам Жакенов NIS HUB-та тәжірибелік қызмет арқылы бейіндік оқытудың мүмкіндіктерін ұсынды: NIS Engineering, NIS ART, NIS Techno и NIS Space-Z. Ал NIS Greenery-де оқушылардың өздері жасыл технологияларды жобалық жұмыстарда пайдалану жайында айтып берді, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Өзбекстандық әріптестер химия мен физика зертханалары, робототехника кабинеті мен кітапхана, қыш шеберханасы мен оранжерея, телестудия және тренажер залының жұмысы арқылы NIS-Programme-ның ерекшеліктері, зерттеу дағдыларын дамыту мен оқу бағдарламасына жаңа пәндерді енгізу, сондай-ақ элективті курстар мен әлеуметтік жобалардың табысты нәтижелерін өз көздерімен көрді.

NIS жүйесінің ең беделді мұғалімдерінің бірі Гүлнара Апеевамен кездесу барысында Бахтиёр Саидов оны Өзбекстанға келіп, математика пәні мұғалімдеріне дәріс оқуға шақырды. Министрлік делегациясын Білім беру бағдарламалары, Педагогикалық өлшемдер және Педагогикалық шеберлік орталықтарының кәсіби жетістіктері ерекше қызықтырды, олардың әрқайсысы қазіргі заманғы мектептегі өзекті басымдықтарды айқындап келеді.

«Bilim Media Group» директоры Рауан Кенжеханұлы өз баяндамасын EdTech және мемлекеттік-жекешелік әріптестік сияқты заманауи білім берудегі көкейкесті тақырыптарға арнады. Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысындағы Петерфельд орта мектебін қайта жаңғырту – танымал педагогикалық ұжымдармен ынтымақтастық орнату арқылы бизнес пен мемлекеттің бірлесіп жұмыс істеуінің тамаша мысалы.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова әріптестеріне NIS-тегі білім беру технологияларының трансфері, сондай-ақ компанияның шетелде танылуы мен халықаралық ынтымақтастығы туралы айтып берді. Өзбек делегациясының мүшелері бүгінде әлем бойынша қазақстандық білім бренді ретінде танылған Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жетістіктеріне тәнті болғанын атап өтті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий