“Ғылыми жоба жазудың тиімді тәсілдері” курсы ұйымдастырылды

Білім мазмұнын дамыту институтының ұйымдастырумен орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне арналған «Ғылыми жоба жазудың тиімді тәсілдері» тақырыбындағы курс өтті. Курсқа Алматы қаласы, Алматы облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Қызылорда облысы, Жамбыл облысынан мүғалімдер қатысты, – деп хабарлайды Абай атындағы педагогикалық университеттің баспасөз қызметі.

Атылған курсты «Болашақ» бағдарламасының түлегі, филология ғылымдарының кандидаты, «Академиялық жазылым» еңбегінің авторы Оспанов Еділбай жүргізді. Спикер мұғалімдерге ғылыми жоба әзірлеу, ғылыми жобаны жоспарлау, тақырып таңдау, зерттеу жүргізудегі негізгі әдістер бойынша бағыт берді. Курс соңында қатысушыларға сертификат табысталды.