Қазақстандық білім: сандарды сөйлетсек
«Жас маман» жобасы аясында 180 қазақстандық колледж модернизацияланды. «Жас маман» жобасы аясында жаңа жабдықтар сатып алынды. Сонымен қатар колледждерде заманауи талаптарға сай кадрлар даярлаудың халықаралық тәжірибесі енгізілді, білім беру бағдарламалары мен стандарттарының мазмұны жаңартылды, білім берудің жаңа технологиялары бойынша педагогтер біліктіліктерін арттырды, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Атап өтсек, осы жоба аясында заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген колледждер өздерінің шағын кәсіпорындарында өнімдерін шығарып, оларды сата алады.