Баспасөз – 2022: “Білімді ел” басылымымен біргеміз!

«Білімді ел – Образованная страна» республикалық апталық газеті – білім саласы қызметкерлерінің төл басылымы. Тәуелсіз мемлекетіміздің білім саласындағы заңнамалық нормативтік – құқықтық актілер, білім жаңалықтары мен еліміздегі озық ойлы ұстаздардың инновациялық жұмыстары мен еліміздегі жаңашыл іс – тәжірибелер осы басылымда жарық көріп келеді.

Заманауи түрде шығатын салалық газет аса мазмұнды, екі тілде жарық көретін, әр түрлі айдарлары бар басылым. Республиканың барлық аймағындағы білім мен ғылым саласындағы жақсы жаңалықтар мен реформаларды оқу мен тәрбие арқылы жеткізуші бірден – бір тұлға – ол ұстаз. Ұстаз мәртебелі болуы үшін – үнемі ізденіс пен шығармашылықта болуы аса қажет.

Сонда ғана ұстаз – парасатты педагог атағына лайық болмақшы. Білім саласындағы өзгерістер мен ізденістердің жаршысы атанған «Білімді ел – Образованная страна» газетін бірнеше жылдан бері тұрақты жаздырып алдырып үзбей оқитын біздің арнаулы оқу орнының ұйымшыл ұжымы алдағы 2022 жылға 10 данағы жазылды.

Арман МУСАЕВ,
Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің
директоры, Қызылорда облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий