Тәуелсіздік тарихы тереңнен тамыр тартады

Біздің арнаулы оқу орнындағы кітапханада ел тәуелсіздігінің отыз жылдығына орай «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты тарихи өзекті диалог  ашық  сабақ  түрінде  ұйымдастырылды. Шара  қонақтары  колледж  студент жастарымен  ел тәуелсіздігіміздің  құрдастары. Жылдар бойы кітапханашылық  қызмет жасаған   Ғ. Қадырқызы кештің шымылдығын ашты.

Құттықтау лебізімен  кеш  қонақтарын  таныстырып   30 жылдық  құрдастарға  төрден орын ұсынылды. Әнұран орындалып, желтоқсан  күресі  кезінде  қаза  болған   күрескерлерге   бір  минут  үнсіздік  рәсімі жасалды.  Тәуелсіздік  құрдасы  Д. Беспаев  құттықтау  сөз айтып, жастарға осы  көптен күткен  ата-бабаларымыз  аңсаған  күннің оңайлықпен  келмегенін  айтып өтті. Сонымен қатар қонақтарға  «Бір кем  дүние» атты  бейне  баян  көрсетілді. Бейне баян  атауы неге олай  аталғаны  және  қай  автордың  «ойтолғауы» жайлы  сұрақ  қойылды.

Кітапханамыздың  көп жылдан бергі оқырманы Т. Облопова  авторы  белгісіз «Незовисимость» атты өлеңді оқыды. Желтоқсан  күрескері 35 жыл толуымен ақталған Әбішев Өнербек Мамырбекұлының  бейне баянан  жастарға айтар  салихалы ойлы  сөздері   тыңдалды. Авторы Саят Тұяқбаевтың  «Тәуелсіздік» атты өлеңі оқылды. Студенттер бостандық пен еркіндік жайлы  ой – пікірлерімен бөлісті.

Оңайгүл Тұржанның «Алаш» атты өлеңін оқыған студент алаш  қайраткерлері елдіктің, азаттықтың, ерліктің тұтқасы ретінде кейінгі ұраққа аңыз адамдарға айналғынына кеңінен тоқталды. Марат Арайлым С. Тұрыспековтың  «Көңіл  толқыны» күйін шертсе, №31 кітапхана  меңгерушісі А. Джуматаева Ә. Асылбеков сөзіне жазылған Ә. Тінәлиевтің «Желтоқсан  желі» әнін орындады.

Студент жастарға тәуелсіздік тарихына байланысты нақты мағлұматтар беріліп, желтоқсан  көтерілісінің мәні мен мағынасы түсіндірілді. Жиналғандар тәуелсіздіктің төл құрдастарына құрмет  көрсетілген кештен керемет әсер алып, елжандылыққа үндейтін әндерді бірге шырқады. Басқосудың соңы мерекелік марапаттарға ұласты. Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын баянды бақытқа бастайтын бүгінгі өскелең жастардың білімді мыңды білекті  бірді  жығады дегендей тарихымызбен тілімізді,  салт – дәстүрімізді биік ұстайтындығына сенеміз.

Сол үшін ұл-қыздарымыз бәсекеге қабілетті жан-жақты тұлға ретінде қалыптасуы қажет. Еліміздің еңсесі биік, туымыздың тұғыры берік, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай. Тәуелсіздіктің тірегін  нығайту – баршамаздық басты парызымыз! Байрағымыз көкте мәңгі желбіресін! Ел жер үшін күрескен  қайраткерлерімізді  ұмытпай, есімі мен ерлігін қадірлей  білейік!

Ғалия ҚАЛМАҒАНБЕТОВА,
Тау-кен индустриалды колледж
кітапханашысы,
Алтынгайша ДЖУМАТАЕВА,
Орталықтандырылған кітапхана
жүйесіне қарасты
№31 филиалдың
кітапхана меңгерушісі, Қарағанды қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий