ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Дулати университетінде болды

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Хамедов Абилфас, Линник Андрей, Бұларов Ілияс Дулати университетіне жұмыс сапарымен келді. Қонақтар университеттің қызметімен, даму стратегиясымен және оқу базасымен танысты, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Сапар аясында Дулати университетінің профессор-оқытушылар құрамымен және қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесу барысында депутаттар Парламент Мәжілісінің жұмысы туралы айтып, еліміз бен Жамбыл өңірінің экономикалық дамуының мәселелерін талқылап, басымдықтарын белгіледі. Сондай-ақ, қызықтырған сұрақтар қойылып, толық жауаптар алынды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий