“Өзін-өзі тану”: Пән бойынша көрнекті сабақ

Біздің білім шаңырағындағы өзін-өзі тану пәнінің ұстазы, «педагог-модератор» біліктілік санатына үміткеріміз Ольга Менгель жуырда 5-сынып оқушыларының қатысуымен «Адам жанының сұлулығы» көрнекті сабағын ұйымдастырды. Сабаққа облыстық білім басқармасындағы білім алушыларды рухани дамыту және тәрбие бөлімінің бас маманы Орынгүл Мамутова, білім берудің оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Жамила Тоғысова, «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» КЕАҚ аймақтағы  филиалының «Өзін-өзі тану» пәні тренері Ботакөз Қараева арнайы шақырылған болатын.

Бұл басқосуға өңіріміздегі «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері» қауымдастығының төрайымы Феруза Исаева және Мұнайлы ауданының Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің өзін-өзі тану мұғалімі Айгүл Қондыбаева да қатысқанын айтқанамыз абзал. Сабақ аясында оқушыларымыз «жан сұлулығы» тіркесіне байланысты өздерінің түсініктерін суреттер арқылы жеткізіп, қызықты да қысқа баяндамалар жасады. Қуанышты сезіммен оқушыларымыз «Капелька счастья» өлеңін айтып, көңіл-күйді көтерді. Сабақ барысында ұстазымыз О.Менгель тиімді әдістер қолданып, оқушыларымыздың ынтасын одан әрі жақсартты.

Сабаққа қатысқан мамандарымыз соңында оң сараптамалық қорытындылар беріп, және сабақты одан әрі жетілдіру бойынша жақсы ұсынымдар жасады. Сонымен қатар өткен айда мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары – Г.Алагозова мен А.Ахметжанова 36 академиялық сағат көлеміндегі «Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми-әдіснамалық негіздері» білім беру бағдарламасы бойынша «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» КЕАҚ ұйымында білімдерін арттырған болатын. Аталмыш курс білім беру ұйымдары басшыларының ұйымдастырушылық басқару мәдениетін жетілдіруге оң ықпал беретіні һақ.

Гулмира АЛАГОЗОВА,
№2 жалпы білім беретін мектеп
директорының оқу ісі жөніндегі
орынбасары, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий