Тарих қойнауына енгелі отырған 2021 жыл өзінің маңызы жағынан айрықша жыл болды

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының және өзімнің атымнан сіздерді Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Тарих қойнауына енгелі отырған 2021 жыл өзінің маңызы жағынан айрықша жыл болды. Айбыны асқақ Тәуелсіз еліміздің мерейлі 30 жылдығында өткенімізді түгендеп, бүгінімізге баға беріп, болашағымызға межелі міндет қойдық. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын. Елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық салтанат құрып, көк байрағымыз ашық аспан астында желбірей берсін!

Жаңа жыл жақсы өзгерістер мен жағымды жаңалықтарға толы болғай. Бүгінге дейін қол жеткізген толағай табыстар мен жетістіктер, игілікті істер Барыс жылында жарасымды жалғасын таба берсін.

Сіздердің әрқайсыларыңызға Жаңа жылда дендеріңізге саулық, игілік пен ізгілік, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілеймін!

Жаңа жылдарыңызбен!

Айгүл МҰҚАШЕВА
Ізгі ниетпен, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ төрайымы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий