Ел болашағының дамуы да білімді болашақпен тығыз байланысты

Сіздерді келе жатқан жаңа жылмен құттықтаймын. Санаулы сәттен соң тәуелсіздігіміздің отыз жылдығына сәйкес келген 2021 жыл жетістіктерімен және қиындықтарымен тарих парағына айналады.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қазақстандық жиырма алты өреннің халықаралық деңгейдегі білім беру сайысынан озып шығып, жеңімпаз болғанын айта кеткім келеді. Болашақтың бүгінінен ертеңінің нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Жаңа жылда да Қазақстанның туын биікке көтеретін, рухы жоғары, білімді шәкірттеріміз көбейе берсін демекпін!

Осы орайда ұрпақ санасына тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге, білімді сыналай енгізетін ұстаз еңбегі ерекше. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, елдің ертеңгі әлеуетін қалыптастырады. Білім – қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Ел болашағының дамуы да білімді болашақпен тығыз байланысты.

Шәкірттеріңіз еңбектеріңізді ақтап, өз жетістіктеріменен, шыққан биіктерімен қуанта берсін демекпін. Жаңа жылмен құттықтай отырып, толағай табыс, шығармашылық өрлеу тілеймін! Отан игілігіне қызмет етудегі, ұлтымыздың рухани құндылықтары мен қасиеттерін жарқын болашақтың кәдесіне жаратудағы, қоғамды өркендетудегі ерен еңбектеріңізге жеміс пен жеңіс, қуат пен қайрат тілеймін. Отбасыларыңыз баянды бақыт, құт-береке мекені болсын!

Гүлмира КӘРІМОВА,
Мектепке дейінгі және
орта
білім беру комитетінің
төрайымы 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий