Алматы – НЗМ: Мектептің алғашқы түлектер форумы

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде алғашқы түлектер форумы өтті. Екі күнге жалғасқан шараға 2016-2021  жылдар аралығында алматылық Назарбаев Зияткерлік мектебін бітірген 118 түлек қатысты, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Форумның алғашқы күні түлектер шеруі және мектеп директоры Ермек Пайзовтың құттықтау сөзімен басталды. Мектеп ашылған күннен бастап қызмет етіп жүрген ұстаздар сөз сөйлеп, әлемнің түкпір-түкпіріндегі мектеп түлектерінің құттықтау видеосы көрсетілді. Кейін «Мектептен кейінгі өмір» тақырыбындағы панельдік пікірталас өтті. «Оқушылар VS Түлектер» интерактивті сессиясы, кофе-брейк, «Кім? Қайда? Қашан?» интеллектуалды ойыны болды. Ernst&Young, Назарбаев Университетінің ресми өкілдері презентация жасап, бос қызмет орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Түлектер кездесуінің екінші күні спартакиадаға арналды. Түлектер мен оқушылар топтарға бөлініп эстафетаға қатысты, волейбол, дартс, үстел теннисін ойнады. Форум соңында жеңімпаз командаларды салтанатты түрде марапаттап, медаль, кубок, диплом және естелік сыйлықтар табысталды. Алматылық ФМБ NIS түлектерінің алғашқы форумы мектеп оқушылары, ұстаздар мен түлектер арасындағы байланысты одан әрі күшейте түсті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий