Оралдық балалар Президентің жаңажылдық сыйлығын алды

«Президент шыршасы» аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жаңажылдық сыйлығын оралдық 24 бала алды. Олардың арасында жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды жеткіншектер бар, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы орталығындағы білім бөлімінің баспасөз қызметі.

Қала әкімі Абат Шыныбеков пен қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова дарынды ұлан Азат Нұрбекті арнайы құттықтап үйіне барды. Мерекенің басты кейіпкерлері Аяз Ата мен Ақша қар, өткен жылдың иесі Сиыр мен жаңа жыл иесі Барыс та келді. Абат Абайұлы Азат пен бауырларын Жаңа жылмен құттықтап, Мемлекет басшысының ашық хаты мен сыйлығын тарту етті.

Сыйлық жиынтығында bilimbook, роутер, энциклопедиялық кітаптар мен тәттілер бар. Азат Нұрбек №50 ЖОББ мектептің 4-сынып оқушысы. Оқу екпіндісі, түрлі байқау-жарыстардың жүлдегері. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мәнерлеп оқу байқауының «Ұлтжанды ұл» аталымының иегері.

Азат Президенттің құттықтауын жеткізген шаһар басшысына рахметін айтып, өзінің де елжанды, ұлт үшін қызмет ететін азамат болуға ұмтылатынын жеткізді. Сондай-ақ А.Садықтың «Тәуелсіздік» өлеңін оқып берді. Сонымен қатар бауырлары Таңшолпан, Маржан, Рахимге де мерекелік сый қоржыны ұсынылды. Балалардың әкесі – Азамат Нұрбек БҚО ТЖД саласының қызметкері. Анасы Гүлім Нұрбекова қала басшысына, білім бөліміне алғысын білдірді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий