КАЗГЮУ бизнес-мектебінде беделді компаниялардың 125 топ-менеджері білім алды

Бизнес мектептің 2021 жылғы желтоқсандағы соңғы деректері бойынша КАЗГЮУ-де 400 түлек бизнес-білім алған.  Сондай-ақ олардың 125-і қазақстандық жетекші компаниялардың топ-менеджерлері болса, 49-ы – жеке кәсіп иелері, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

КАЗГЮУ бизнес мектебіндегі білім беру үш негізгі классикалық бағдарламаны – MBA (Master of Business Administration), DBA (Doctor of Business Administration) және EMBA (Executive Master of Business Administration) қамтитынын атап өту керек. Екі жылдық MBA бағдарламасы 25 оқу модулінен және 90 сағаттық практикалық сабақтан тұрады, ал факультеттегі оқытушылар құрамында 15 шетелдік маман бар. Бағдарлама құрылымы – «Менеджерлерге арналған экономика», «Корпоративтік қаржы», «Халықаралық бизнес құқығы» және «Көп мәдениетті менеджмент».

Биыл бағдарламаға бірқатар арнайы пәндер қосылғанын және оларды зерттеу білім берудегі жаһандық тенденциялар аясында жалпыға бірдей қабылданғанын да айта кету керек. Олардың ішінде – «Өзгерістерді басқару», «Дизайндық ойлау», «Big Data», «Инвестициялау», «Брендті басқару», «Scrum-менеджмент» және бизнесті жүргізудің қазіргі заманғы тәсілі үшін өзекті басқа да бағыттар бар.

Бизнес-мектептегі докторантура 3 жылдық оқудан, 6 модульден, 2 практикалық семинардан және 8 шетелдік оқытушының сабақтарынан тұрады. Бағдарлама құрылымына «Зерттеу қызметіндегі менеджмент», «Бизнес-аналитика», «Зерттеу әдістері», «Стратегиялық менеджмент және сапалы зерттеу әдісі», «Бизнестегі ақпараттық технологиялар» және «Көшбасшылықтағы менеджмент» сияқты негізгі пәндер енген.

Биылғы жылы Executive MBA бағдарламасын жетілдіру және жаңарту Қазақстандағы алғашқы швейцариялық бизнес-мектептің негізін қалаушы, аталмыш бизнес-мектептің жаңа директоры Алина Абдрахманованың алғашқы шешімдерінің бірі болды. Executive MBA – қабылдау және оқу мерзімімен дәстүрлі MBA форматынан ерекшеленетін бағдарлама. EMBA ұзақтығы 1,5 жылды құраса, ал оқыту 18 модульді қамтиды. Оның ішінде 3 модуль шетелде оқытылып, тыңдаушыларға жетекші шетелдік компаниялардың топ-менеджментімен нетворкингке түсу мүмкіндігін ұсынады.

Сондай-ақ бағдарламада 90 практикалық кейс қарастырылған, оларды талдау 9 шетелдік оқытушының басшылығымен жүзеге асырылады. EMBA-дегі басты жаңашылдық қос дипломды білім беру – осы жылдан бастап бағдарламаның құрамдас бөлігі ретінде барлық түлектерге ұсынылған мүмкіндік. Сонымен қатар, түлектер дипломдарын алу мүмкіндігіне ие шетелдік серіктестердің тізімі кеңейтілді. Егер бұрын мұндай мүмкіндік тек швейцариялық UBS шеңберінде ұсынылған болса, онда осы жылдан бастап Франция, Испания және АҚШ білім беру мекемелерімен ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Тиісті ребрендинг кезеңінде EMBA алғаш рет «Халықаралық менеджмент», «Ақпараттық технологиялар», «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» және «Білім берудегі менеджмент» мамандықтары енгізілді. Сондай-ақ бұл тізім Қазақстан үшін біршама жаңа бағыт – «Урбанистика және инфрақұрылымдағы менеджмент» бағытымен толықтырылды. Бастаманың авторы Q88 Қазақстан урбанистер қауымдастығының атқарушы директоры –Алина Абдрахманова.

Осы уақытқа дейінгі есептік кезеңде бизнес-мектепте 12 сараптамалық іс-шара, оның ішінде «Қазақстанның IT-стартаптары», «Халықаралық тауар саудасы», «Шешендік өнер құпиялары» және «Дағдарысқа қарсы коммуникациялар» шеберлік сағаттары, сондай-ақ KAZENERGY әйелдер энергетикалық клубының жұмысына қатысу және КАЗГЮУ бизнес-мектебі бірлесіп ұйымдастырған Urbathon Atyrau бірінші республикалық урбанистер форумында урбанистикадағы ЕМВА бағдарламасының тұсаукесері өтті.

Осылайша, КАЗГЮУ бизнес мектебі – әдеттегі оқу орны ғана емес, іс жүзінде әртүрлі қызмет салаларындағы сарапшыларды біріктіретін желілік платформа. Мәселен, бұған дейін арнайы ұйымдастырылған тікелей эфирлер сериясы аясында 5 табысты қазақстандық кәсіпкер урбанизация, инвестиция, әлеуметтік бизнес жобаларын жүзеге асыру саласындағы тәжірибелерімен бөлісті. Бизнес мектептің ұжымы Қазақстан Республикасының аймақтарына ерекше назар аударады. Оған мамандардың мектеп бағдарламасы мен білім алушыларға мекеме беретін мүмкіндіктерінің арнайы таныстырылымын өткізгендігі дәлел.

Осы кезекте Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Атырау және Ақтау қалаларында тиісті кездесулер ұйымдастырылды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, болашақта бағдарламалар таныстырлымы еліміздің барлық аймағында өткізіледі деген жоспар бар. Бүгінде MBA бағдарламалары бойынша оқыту аралас – онлайн және офлайн форматта өтетінін айтып өткен жөн. 

Жақын болашақта бизнес мектеп үшін виртуалды шындық технологияларын пайдалану инновациялық жаңашылдық болмақ. Қазақстанның астанасында тұрмайтын не өзге де себептермен сабаққа қатыса алмайтын студенттердің барлығына арнайы VR-шлемдері беріледі. Ал білім алушылар олардың көмегімен сабақ кезінде виртуалды түрде аудиторияда болу мүмкіндігіне ие болып, білімді өз уақытында алатын болады. 

Бизнес мектептің келер жылғы жоспарына сәйкес, магистранттар арасында пікірсайыс турнирін ұйымдастыру, «Халықаралық менеджмент» бағдарламасы бойынша МВА оқуына гранттық байқау өткізу, жетекші шетелдік университеттермен серіктестік орнату және 2 аймақтық және 1 халықаралық форумға қатысу жоспарланып отыр.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий