Өз ісінін мақтаулы маманы
Забиякина Оксана Сергеевна Ерейментау қаласы «Н. Смағұлов атындағы орта мектеп-лицейі»КММ-де 2005 жылдың тамызынан бастап қызмет етіп келеді. Өзін оқу бағдарламаларын, оқулықтардың мазмұнын, білімнің Мемлекеттік стандарттарын үздік білетін, сауатты, әрі биология мен химия пәндерін оқытудың ұтымды әдіснамасын білетін маман ретінде танытып келді.

Өз білімін үнемі арттыру білу, сабақтарында тиімді тәсілдерді қолдану Оксана Сергеевнаға жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін ағылшын тілінде оқытатын алғашқы мұғалімдердің бірі болуға жетеледі. Ол биология мен химия пәндерінің әдістері мен ағылшын тілі пәнінің әдістерін кіріктіре отырып, сәтті сабақтар өткізеді, жаңартылған білім беру мазмұны негізінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясы, оқушылардың жобалық жұмыстары және ақпараттық коммуникациялык технологияларды пайдаланып, жаңа қадамдарды енгізуге мүмкіндік берді.
Мұғалімнің белсенділік тәсілінің әдістерін өте жақсы білуі, компьютерлік түрлі бағдарламалар мен тест материалдарын тиімді пайдалану, түрлі оқу сайттарын қолдану мұғалімге оқушылардың бойында оқу-танымдық, жалпымәдени, коммуникативті, ақпараттық, әлеуметтік-еңбек құзіретін және тұлғалық қалыптасу сияқты негізгі құзіреттіліктерін сәтті қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оксана Сергеевнаның сабақтары химия мен биологияны оқытуда ғылыми тәсілдермен және дидактикалық, түрлі материалдар мен қосымша материалдарды қолданумен ерекшеленеді. Мұғалім жеке және топтық жұмыстарды ұйымдастырған кезде интербелсенді тақтаны, электронды оқулықтарды, интербелсенді тренажерларды пайдаланады, сабақта бейнетәжірибелер , эксперименттер мен түрлі тәжірибелерді шеберлікпен өткізеді.
Мұғалімнің педагогикалық қолжазбасының ерекшелігі болып оқушылардың эвристикалық ойлауына жетелейтін проблемалық жағдаяттар қалыптастыруға мүмкіндік тудыратын зерттеушілік әдістерді пайдалану деп айтуға болады. Биология сабағында оқушылардың экологиялық мәдениетінің дамуын қалыптастыруға ерекші көңіл бөледі. Химия сабақтарында есептерді шығаруға, оқушылардың химиялық терминологияны түсінулеріне басты назарын аударады.
«Жаңартылған білім мазмұнында сабақ берудің жаңа тәсілдері» атты әдістемелік тақырыппен жұмыс істейді. Оксана Сергеевнаның педагогикалық кредосы болып «Мұғалімнің табысы – бұл оның шәкірттерінің табысы». Сондықтан ол түрлі кәсіби байқаулар мен пән олимпиадаларының тұрақты қатысушысы және жеңімпазы болып табылады. Оксана Сергеевнаның оқушылары жақсы білім сапасын көрсетіп жүр.
ҰБТ тапсыруға және пән олимпиадаларында биология мен химия пәндерін таңдаған оқушылармен жеке жұмыс жасайды. Оның оқушылары бейіндік мамандықтар бойынша ЖОО мен колледждерге жыл сайын оқуға түседі. Нәтижесінде жаңартылған білім мазмұны бағдарламасы бойынша жұмыс істеуде және пәнді оқытуда белсенді тәсілдерді қолдануда өзіндік жүйе жинақталды, пәндерді ағылшынша оқытуда жақсы нәтижеге қол жеткізетін тәсіл қалыптасты.
Оксана Сергеевнаның оқушылары әр деңгейдегі олимпиадалар мен байқауларға қатысып, жүлделі орындарға қол жеткізіп жүр: аудандық және облыстық пән олимпиадаларында, Республикалық қашықтық олимпиадаларда (ҚИО), А.Байтұрсынов атындағы Республикалық қашықтық олимпиадаларға, ұлттық интернет олимпиадаларға, «Ақбота» Республикалық интеллектуалдық марафонына, Халықаралық қашықтық олимпиадаларды атауға болады.
Оксана Сергеевна өзінің тәжірибесімен әріптестерімен шебер-сыныптар, түрлі семинарлардағы ашық сабақтары арқылы, аудандық, облыстық, Республикалық конференцияларда тұрақты түрде бөлісіп отырады. Оксана Сергеевна өзінің авторлық еңбектерін құрастырды: 6 –сыныпқа «Botany inEnglish» таңдау курс жұмыс дәптері, 7 -сыныпқа «BiologyinEnglish» (жаңартылған білім мазмұны бойынша), 8 –сыныпқа «ChemistryinEnglish» (жаңартылған білім мазмұны бойынша) және 9 -сыныпқа «ChemistryinEnglish», 8-сыныптың биология курсы үшін дидактикалық материалдар жинағы.
Оксана Сергеевнаның «Биология және химия пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша мұғалімнің жұмыс жүйесі» тақырыбы бойынша тәжірибесі ауданның және облыстың үздік педагогикалық тәжірибелер базасына енгізілген. Оксана Сергеевнаның еңбек нәтижесі бірнеше марапаттаулар: Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты, Ақмола облысы білім Басқармасының Алғыс хаттары, ауданның білім саласына қосқан елеулі еңбегі үшін Ерейментау ауданы әкімінің Дипломы, аудандық білім бөлімінің мадақтамалары. Оксана Сергеевнаның есімі «Үздік адамдар: Білім берудегі үздіктер» атты үлкен халықаралық энциклопедияға енгізілді.
Сулушаш Тельмайқызы КОЖАХМЕТОВА,
Оқу-әдістемелік кабинеттің бөлім басшысы,
Ақмола облысының Көкшетау қаласы