Ақтау – НЗМ: Оқушылар үш отбасыға жаңа жылдық сыйлық жасады

Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының қайырымдылықта бір арнаға тоғыстырған «Мейірім өскіні» қайырымдылық тобы биыл да «Жаңа жылдық ғажайып» акциясын жалғастырды. Оқушылар мен педагогтардан құралған еріктілер тобы Маңғыстау облысындағы үш отбасыны керек-жарақпен қамтамасыз етті, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі. 

Еріктілер командасы отбасыларға қажетті азық-азық түлікті алып, мектеп көлігінің көмегімен әр жанұяға кіріп, Жаңа жылмен құттықтап шықты. Аяз ата мен Ақша қар боп киінген ұстаздар тақпақ айтқан балаларға сыйлықтар табыстады.  -“Мейірім өскіні» қайырымдылық тобының жетекшілігімен қараша айында ата-аналармен біріге отырып тәттілер жәрмеңкесін өткізген болатынбыз. Сол кезде үш жүзмыңнан астам қаржы жиналды. Сол қаржының бір бөлігіне өлкедегі тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлікпен көмек көрсетуді жөн санадық, – дейді топ жетекшісі, өнер пәні мұғалімі Замира Ахметова.

Айта кетейік, 2016 жылы білім ордасының түлегі Нұрдаулет Төребайдың ұсынысымен «Мейірім өскіні» қайырымдылық тобы құрылған еді. Балалардың бастамасымен осы күнге дейін Маңғыстау облысындағы 100-ден аса отбасыға көмек көрсетіліп, түрлі шаралар ұйымдастырылды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий