AMANZHOLOV UNIVERSITY студенттері мемлекеттік органдарда тәжірибеден өтеді
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаменті арасында мемлекеттік ұйымдарда студенттердің іс-тәжірибеден өтулері үшін ынтымақтастық мәселелері бойынша меморандумға қол қойылды, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

2022 жылдан бастап Amanzholov University студенттері мемлекеттік органдардың кез келген бөлімдерінде білімін толықтыра бастайды. ЖОО ректоры Мұхтар Төлегеннің айтуынша, бұл тәжірибе студенттердің болашақ мансабы үшін жақсы бастама болады.
– Ынтымақтастықтың маңызды элементтерінің бірі мемлекеттік ұйымдарда практикадан өту болып табылады. Біз студенттердің барынша сапалы білім алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Әрбір студент болашақ кәсіби қызметінде алға қойылған мақсаттарға қол жеткізетініне сенемін, – деп атап өтті Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген.

Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Еркебаев мемлекеттік органдардағы жастардың креативті әлеуетінің маңыздылығын атап өтті. – Бізде мемлекеттік қызметшілер мектебінің жобасы іске қосылды, онда біз студенттер мен түлектерге мемлекеттік лауазымға қалай дұрыс түсу керектігін егжей-тегжейлі түсіндіреміз. Қазіргі уақытта мемлекетімізге жастардың креативті әлеуеті қажет, – деді Нұрлан Еркебаев.
Загрузка...Айта кету керек, Шығыс Қазақстан бойынша 600-ден астам мемлекеттік ұйым бар, онда Сәрсен Аманжолов атындағы университеттің көптеген студенттері қызмет етеді.