Жоғары оқу орнындағы жаңа жылдық концерт

Жаңа жыл қарсаңында Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ қабырғасында университет қызметкерлері, ардагерлері мен студенттері үшін мерекелік концерт өтті, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі. Біздің оқу орда іші сиқырлы атмосфераға толды. Университеттің шығармашылық ұжымдары қызметкерлеріне, ардагерлері мен студенттеріне жаңа жылдық көңіл-күй сыйлауға тырысты.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Мұхтар Төлеген мерекеге қатысушыларға ақжарма тілегін жолдап, ұжым мен студенттерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.

– Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті бүгінде қарқыны қарымды, дамуы ілгері еліміздің оқу ордаларының көш алдында. Зор мақтанышпен әр салада жеткен жетістіктерімізді жеке-жеке тізбектеуге болар, бірақ ең бастысы, біздің студенттердің ел көлеміндегі үздік деп танылуын үлкен жеңіс деп айтар едім. Биыл Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі өткізген Ұлттық біліктілік тестілеу нәтижесінде өткен оқу жылы университетіміздің педагогика мамандығын бітірген түлектеріміз еліміздің мемлекеттік университеттері арасында бірінші орын иеленді. Осылайша өздерінің жоғары білімдері мен біліктіліктерін көрсетті. Бұның барлығы ортақ істің табысты нәтижесі! Осы ретте, оқу ордамыздың өркендеуі жолында аянбай еңбек еткен барлық әріптестеріме зор алғыс білдіремін! – деді Мұхтар Төлеген.

Сондай-ақ, ЖОО қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. “Nur Otan” партиясының партиялық жобаларын іске асыруға қосқан үлесі үшін”, ” Жоғары білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін” және тағы да басқа алғыс хаттар берілді. Университет ұжымы ректорға қызметкерлердің құрметі мен алғысын білдіретін ашықтық кубогын сыйлады.

Amanzholov University студенттері бауырлас елдердің тілдерінде түрлі шығармашылық нөмірлер дайындады: түрік және өзбек билері, Отанға, оқуға және әрине жаңа жылға арналған ағылшын, қазақ және орыс тілдеріндегі әндер. Еңбек ардагерлеріне сыйлықтар табыс етілді. Еңбек ардагері, тарих ғылымдарының кандидаты, С. Аманжолов атындағы ШҚУ құрметті профессоры Иван Полторанин де мерекеге қатысушыларға ізгі лебізін жеткізді.

– Университет өзінің жетістіктерімен оқытушыларға, қызметкерлерге және студенттерге міндетті. Бірлескен жұмыс, міндеттерді орындауға және нәтижелерге қол жеткізуге бағытталу, оқытудың жоғары деңгейі, қызметкерлер мен студенттердің ғылыми жетістіктері университет қол жеткізген тірек университеттің жоғары мәртебесін сақтауға көмектеседі. Сіздерге жаңа жылда шын жүректен зор денсаулық, бейбітшілік, махаббат және жан тыныштығын тілеймін, – деді Иван Полторанин.

ЖОО ректоры алдағы жыл альма-матер үшін маңызды оқиғамен тарихта қаларын атап өтті. Бұл Шығыс Қазақстанның бас жоғары оқу орнының 70 жылдық мерейтойы. Қонақтар үшін жаңа жылдық концерт бір демде өтті, ал көрермендер осы кеште уақыт есебінен қуана-қуана ұтылды. Бұған ризашылық білдірген көрермендердің бақытқа толы жарқын жүздері мен ыстық ықыластары дәлел болды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий