ҚР Білім және ғылым министрін семейлік мектеп ұжымы құттықтайды!

Құрметті Асхат Қанатұлы! Сізді Жаңа 2022 жыл мерекесімен ыстық ықыласымызбен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жыл биік кәсіби жетістіктерге, тамаша бастамалар мен оң шешімдерге толы болып, жаңа жоспарларыңыз іске асып, тілектеріңіз орындала берсін деп тілейміз! Кең байтақ елімізде білім саласының жұмысын жандандырып, еселі еңбек етіп жүрген жігерлі де, жауапты еңбегіңіз үшін алғыс айтамыз!

Білім саласының ілгері дамуына, балалардың сапалы білім мен саналы тәлім-тәрбие алуына баға жетпес үлес қосып келесіз. Білім саласындағы халыққа қалаулы еңбегіңіздің жемісін көріп, жаңа жетістіктер мен кәсіби табыстарға кенеле беріңіз! Ұстаздардың мәртебесін көтерудегі еселі еңбегіңіздің нәтижесінде мұғалімдердің жалақысын арттырып, шынайы алғысқа бөленіп, нағыз жұрт жанашыры бола білдіңіз.

Әр ұстаздың, ата-ананың, оқушының жүрегіне жол таба білетін мамандығыңыздың ең майталман азаматысыз. Сіздің кәсіби шеберлігіңіз, біліктілігіңіз бен алға қойған мақсат-міндеттеріңіз әрбір білім саласында қызмет етіп жүрген әріптестеріңізге үлгі – өнеге және үлкен шығармашылық шабыт деп білеміз. Өзіңізді әріптестеріңіз адал әділдігіңіз бен зор адамгершілігіңіз үшін ерекше бағалайды, құрметтейді. Қиыны мен қызығы мол ұстаздардың қажырлы еңбегін әрқашан жоғары бағалап, қолдап жүргеніңізге рақмет айтамыз!

Берекелі байлығымыз ұрпақтарымызды білім нәрімен сусындату жолындағы жаңа бастамаларыңызбен болашаққа деген нық сеніміңіздің қанаты қатая түссін. Сәттілік серік болып, беделіңіз бен абыройыңыз асқақ болсын! Отбасыңызға бақ-береке дарып, шуақты күндердің шаттығы ортаймасын. Еліміз тыныш, ынтымағымыз берік, жарқын болашаққа нық қадам баса беріңіз!

Тәуелсіз еліміздің білім саласында болашақтың тізгінін нық ұстап, тың идеялар мен орасан зор мүмкіндіктер алып келетін, табысқа жетелейтін сіз сияқты ұстаздардың көшбасшысы болғаны бізді болашаққа деген үмітімізге жетуге жетелейді. Өзіңіз көш бастап, басқарып отырған білім саласы теңдесі жоқ табыстарымен қуанта берсін!

Ізгі тілекпен,
№3 жалпы орта білім беретін мектеп
кешенінің
ұжымы, Шығыс Қазақстан
облысы, Семей қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий