Тұрақтылықты сақтау – баршаға ортақ парыз

Елімізде орын алған қайғылы оқиға баршамыздың қабырғамызды қайыстыруда. Содырлар салған сойқанның салдарынан қаншама әлеуметтік нысандар бүлініп, мемлекетімізге орасан зор шығын келуде. Дегенмен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен күштік құрылымдардың жедел әрекет етуінің  нәтижесінде өңірлерлердегі ахуал тұрақталып келеді.

Күні кеше Президентіміз халыққа арнаған Үндеуінде қаскөйлерге қарсы іс-қимыл шаралары жалғасып жатқанын, сондықтан арқаны кеңге салуға әлі де ерте екенін қатаң ескертті. Жамбыл облысында да төтенше жағдай жарияланып, коменданттық сағат енгізілгені белгілі. Сол үшін де аймағымыздың тұрғындарын ессіздікке бой алдырмай, арандатушылардан аулақ болуға шақырамын. Әсіресе, ел ертеңі саналатын жастарымыз мұндай әрекеттерге ұрынбағаны жөн.

Қазақстан – баршамыздың ортақ Отанымыз. Ендеше оған зиян келтіру ешқандай абырой әпермейді. Әлемде осындай жайттардың кесірінен тыныштығы бұзылып, тіпті азаттығынан айырылып қалған елдер өте көп.  Сондықтан да баһадүр бабаларымыздың қанымен келген тәуелсіздігімізді сақтағымыз келсе, мұндай жағдайлардың жолын кескеніміз абзал. Бейбітшілік бесігінде тербелген еліміздің тұрақтылығын көздің қарашағындай қастерлеу – баршамыздың ортақ парызымыз.

Талғат ЕШЕНҚҰЛОВ,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік
университетінің 
басқарма төрағасы – ректоры

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий