Терроризм мен экстремизм адамзатқа жат феномен

Алматыда басталған қолдау митингісінің соңы лаңкестік топтардың шабуылымен жалғасып, бүкіл қала халқын үрейлендірді. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, арнаулы дайындықтан өткен лаңкестік топ қаланың ойранын шығарды. Бейкүнә жандарды ұрып-соғып, тіпті өлтіріп, қала көркі болған нысандарды қиратып, өртеді. Терроризм мен экстремизм адамзатқа жат феномен.

Адам құқықтары декларациясының 1-бабында былай делінген: «Барлық адамдар тумысынан азат және қадір-қасиеті мен құқықтары тең болуы керек. Адамдарға ақыл-парасат, ар-ождан берілген. Сондықтан олар бір-бірімен туыстық, бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тиіс». Ал осы ұстанымды біріміз ұстансақ, енді біріміз қажет етпей жатқанымыз өкінішті.

Лаңкестік пен экстремизм қоғамда бар нормалар мен ережелерді түбегейлі жоққа шығаратын экстрималды көзқарастар мен сипаттарды ұстанумен сипатталады. Қоғамның саяси саласында көрінетін лаңкестік – саяси лаңкестік, ал діни салада көрінетін лаңкестік – діни терроризм деп аталады. Лаңкестік, бұл – мемлекеттік жүйені өзгертуге, оның ішінде билікті күштеп басып алуға, мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған әрекет.

Еліміздің басына түскен осындай төтенше жағдайда біз бірігіп, ауызбіршілік танытып, Мемлекет басшысының шешімдерін қолдауымыз керек. Сонда ғана бұл қиындықтан шығамыз.

Тұрсын ҒАБИТОВ,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
профессоры, философия ғылымының докторы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий