Жатақханада қалған қазақстандық студенттер азық-түлікпен және бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз етілді

Қазақстандық жоғары оқу орындарының әкімшіліктері студенттерді азық-түлікпен және бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз етеді. Айта кетейік, қазіргі уақытта студенттер қысқы демалыста, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Жалпы, бүкіл ел бойынша ЖОО жатақханаларында қалған студенттер саны аз. Атап айтқанда, студенттердің жалпы санының 4%-ы немесе 6 мыңға жуық студент қалды. Негізінен, олар – шетелдіктер және шалғай аймақтардан келген студенттер. Осы күндері ЖОО-лар басшылығы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кешенді шараларды жүзеге асырды.
Сондай-ақ, жатақханада қалған студенттер төтенше жағдай кезінде азық-түлік және бірінші кезекте қажетті тауарлармен қамтамасыз етілуі үшін жатақханаға азық-түлік пен тауарлар және бірінші кезекте қажетті заттар жеткізілді. Қазір жоо-лар басшылығы бірнеше күнге азық-түлік резервін қалыптастырды. Жедел желі телефондары жұмыс істейді.
8-7172-74-16-24
8-7172-74-20-67
8-7172-74-23-52

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий