Тың бастамалар білім саласына сепіліс сыйлайды

Мәжілістің жалпы отырысында жарияланған Президентіміздің мәлімдемесін тыңдадық. Мемлекетті жаңаша қарқында дамытуға бағытталған бұл мәлімдеменің барлығымыз үшін маңызы зор деп білемін. Қасым-Жомарт Кемелұлы көптің көкейін күпті етіп жүрген мәселелерді қозғау арқылы көптеген түйіткілдердің түйінін тарқатты.
Әскери құрылымдарымыз бен қорғанысымызды күшейтуден бастап, халықтың әл-ауқатын көтеру, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті дамыту, жастарға арналған жаңа жұмыс орындарын құру, банк жүйесін қайта қарау, нарық бағамдарын реттеу секілді күнтәртібінен түспейтін мәселелерге жеке тоқталып, оларға қатысты ұсыныстары мен жаңа бастамаларын таныстырды.
Сонымен қатар, мәлімдемеде алдағы уақытта Халықаралық кеңістікте беделі мойындалған 5 жоғарғы оқу орынының филиалдарын ашу және арнаулы орта білім беретін оқу орындарына арналған гранттарды көбейту арқылы еңбек нарығының сұраныстарын қанағаттандыра алатын кадрлар пулын қалыптастыру көзделді.
Білім саласына серпіліс сыйлайтын тағы бір бастама – Президент мұғалімдер жетіспейтін өңірлер үшін тиісті қолдау шаралары кешені мен үздік мұғалімдерді тарту бойынша арнайы бағдарлама дайындауды тапсырды. Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі мен дамуына мүдделі азаматша ретінде мен де Президентіміздің барлық ұсынымдарын қолдайтынымды және оның жүйелі орындалуына бар білім-білігім мен күш-жігерімді жұмсайтынымды жеткіземін.
Мемлекет басшысының игі бастамаларының барша отандастарымызды айналасында бірігуге шақырамын. Біз сонда ғана Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, Қазақстанның жаңа даму кезеңіне еркін қадам басамыз!
 
Ақзира Байқтыбайқызы ҚАСЫМОВА,
Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

4

Добавить комментарий