Білім алушылардың педагогикалық үдерісте топпен бірлесе жұмыс жасау біліктілігін жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде дамыту жолдары

Әрбір сабақта топтық жұмыс арқылы бірлесе әрекеттенген тиімді. Жаңа мыңжылдық талабына сай, мұғалім–бақылаушы емес, бағалаушы да емес, бірлескен белсенді іс-әрекетті ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйытқысы. Қазір менің алдымда мұғалім мамандығын игеріп жатқан колледж білім алушылары отыр. Сөзім дәйекті болу үшін білім алушылардың топпен бірлесе жұмыс жасау біліктілігін жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде дамыту жолдарын өз тәжірибемде қалай, қандай жолдармен іске асыратыныма тоқталайын.

Ең алдымен топпен жұмыс істеудің маңыздылығына тоқталғым келеді: топ жеке адамның пікірімен санаса білуді үйренеді; әр білім алушы өз тобының беделін, намысын қорғауға тырысады; бір-бірімен ізгілікті қарым-қатынас орнайды, өзгенің пікірімен санаса білу, ойларын айта білу дағдысы қалыптасады; білім алушыт бойында қиял, шығармашылық дамиды; бойларындағы ұяңдық, жасқаншақтық сияқты психологиялық мінез кеселдерінен арылады; сабақтан тысқары қалатын білім алушы болмайды.

Топпен бірлескен белсенді жұмыстар түрлерін ұйымдастырып сабақтар өткіземін. Топпен бірлескен жұмыс педагогика сабақтарында өте тиімді, себебі білім алушылар топпен көптеген педагогикалық ситуацияларды шешеді. Бірлескен жобалар қорғайды. Мәселен, Педагогика пәнінен  «Саналы тәртіп пен қоғамға қызмет ету»  тақырыбын өткен уақытта білім алушылар қоғамға риясыз қызмет ету, адамдарды сүю, үлкенді құрметтеу, кішіге ізеттілік таныту, қыз бала тәрбиесі, ұл бала тәрбиесіндегі мәселелер секілді тақырыптарда бірігіп жобалар жасап, қайырымдылық акциялар ұйымдастырып, дөңгелек үстелдер өткізді.

Топпен бірлескен жұмыстар өткізу барысында күтілетін нәтиже мен ойлағаннан да жоғары дәрежені көрсетті. Топтық жұмыста бәрі қызу жұмыста, бір топ жоба құрастырса, біреуі сурет салды, ал біреулері сұрақтар құрастырды. Топпен бірлескен жұмыстың тиімділігі осында. Онда топтар бір-бірінің жауабын толықтырып, берілген тақырып бойынша білімдерін ортаға салды. Әрине оның бәрі түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылды. «Сұраққа жылдам жауап» әдісін қолданған уақытта тақырыпты терең түсіну және білім алушылардың назарын сабаққа аударып, ой-өрісін дамыту мақсатында жетекші дәрежесіндегі сұрақтарға толық жауап қайтаруды тапсырдым.

Мысалы, «Мадина, Аиданың жауабы дұрыс деп ойлайсың ба?», «Пакизат, Айсұлудың жауабын қалай толықтыруға болады?» «Самал, айтылған барлық жауаптарды қалай біріктіруге болады?» Бірлесе топта жұмыс жасағанда пікір таластырады, басқалардан үйренеді. Осындай өнімді жұмыстан кейін білім алушылар кері байланыс жасаған уақытта сындарлы пікірлердің куәсі болдым. Айсұлу деген студент: «Мен бүгінгі білім алаңында жауапкершілікті сезіндім. Бәсекелестікті емес қамқорлықты көрдім», Мадина: «Бүгін өнімді жұмыс барысында көпшілікке көмектесе алғаныма құаныштымын!».

Самал: «Бірігіп көтерген жүк жеңіл»  демекші, бірігіп күш болдық, біріксек алынбайтын қамал жоқ екен” және т.б. пікірлер толассыз болды. Мен тек бір сабақ туралы ғана сөз қозғап отырмын. Айтқым келгені білім алушылардың мұндай терең мағыналы тақырыптарды меңгеру барысында бойларындағы сүйіспеншілік, дұрыс әрекет құндылықтары жарыққа шығады. Олардағы мейірімділік, қамқорлық, әділеттілік, жауапкершілік қасиеттері жетілдіріліп, оқу және танымдық дағдылары қалыптасты деген сенімдемін.

Топтық жұмыс мынадай жетістіктерге жеткізетініне көзім анық жетті: білім алушылардың оқу және танымдық қабілеттері дамиды; білім алушылардың қорқыныш сезімі мен беймазалығы төмендейді; сабақтың уақыты тиімді үлестіріледі; сыныптағы психологиялық ахуал жақсарады, жауапкершілік сезімі арта түседі; берілген білім берік қабылданады, алған білімдерін іс-жүзінде іске асыра алады; сыныптағы жұмыс сараланады.

Менің ойымша топпен бірлесе жұмыс жасай алу біліктілігін дамыта отырып, біздер оқыту процесін байыта түседі екенбіз. Сол арқылы білім алушыларымды мамандықтарына деген қызығушылықтары мен балаға деген сүйіспеншіліктерін арттырамын.  Өйткені, білім алушылар топтық жұмыс кезінде ашылды деп айта аламын. Сабақтарымда өз шығармашылық әлеуеттерін көрсетпей келген білім алушылардың бойынан  ашылмаған жаңа қырларын көремін. Жаңа түсініктер мен жаңа дағдылар қалыптасты.

Топта ынтымақтастық атмосфера туды. Топ ішінде шешілмейтін мәселе болмайтынын түсінді. Қорыта келе, топпен бірлесе оқытудың нәтижесінде білім алушылардың талпынысы артып және кәсіби маман болуға талпынып келеді. Жалпы құзыреттілік белсенді әрекет дағдысы қалыптасқанда дамитын қасиет. Ал оның даму жолы – білім алушылардың топпен бірлесе әрекет етуде екендігіне көзім жетіп отыр.

Акмарал Идирисовна ЕСЕНТАЕВА,
«Өзін-өзі тану»  Адамның үйлесімді
дамуы гуманитарлық колледжінің
оқытушысы, Алматы қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий