“Үздік тәрбиеші – 2021” байқауы
Мектептегі жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлау, жаңа инновациялық технологияларды ендіре отырып, балаларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру. Міне, осындай жұмыс жүйесі біздің “Өзін-өзі тану” гимназиясында қалыптасқан. “Бөбек” ҰҒПББСО-ның 25 жыл толуына орай “Үздік тәрбиеші – 2021” байқауы өткізілді. Оған гимназия, оқу сауықтыру орталығы, колледж және балабақшаның педагог-тәрбиешілері қатысты.

Конкурстың мақсаты педагогтың кәсіби шеберлігін арттыру, үздік педагогикалық тәсілдерін анықтау және рухани-адамгершілік білім берудің қолдану аясын кеңейту және педагогтік мәртебесін арттыру. Байқау төрт кезең бойынша өткізілді. Тәрбиешілер өздерін таныстырып, шығармашылығын көрсетіп, рухани әңгіме, тәрбие, дамыту сабақтарын өткізсе, ата-аналар мен тәрбиеленушілер педагогтердің еңбегі туралы пікірлерін айтты. Байқау талаптары толық орындалып, қатысушылар өздерінің тыңғылықты дайындықпен және жауапкершілікпен келгендерін көрсете білді.
Байқауға қатысушыларына дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Осындай байқаулар педагогтарды жауапкершілікке, өз ісіне ұқыптылықпен қарауды, балалармен және өз ортасымен қарым-қатынас жасай білудің үлгілерін көрсетеді. Сабақ берудің өзі жай ғана өнер емес, өйткені педагог әркез жаңадан жаңалық іздеп таба алатын жан-жақты маман екенін ұмытпай, педагогикалық тәжірибе алмасуға үлкен себеп болды. Бас жүлдені сауықтыру орталығының тәрбиешісі Оспанов Олжас Тұрабайұлы иеленді.
Баланы тәрбиелеу – оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу, – демекші, біз балалардың болашағына, тәрбиесіне жауапты жандармыз. Мен, педагог-тәрбиеші ретінде, балаларға рухани-адамгершілік тұрғысынан білім беріп, дұрыс бағыт-бағдар беріп, адамгершілік, сүйіспеншілік, мейрімділік, дұрыс әрекет, қайырымдылық сияқты құнды қасиеттерді сіңіртуге барымды салып келемін.
Зинараш Ахметқызы САҚТАҒАНОВА,
«Бөбек» ҰҒПББСО, “Өзін-өзі тану”
гимназиясының тәрбиешісі