Amanzholov university студенттерінің халықаралық турнирлердегі толайым табыстары мен жеңістері

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті студенттері жыл сайын халықаралық ғылыми байқаулар мен спорттық жарыстарға белсенді  қатысады. Соңғы екі жылда “Математика”, “Физика және инженерия”, “Биология” мамандықтарының студенттері халықаралық ғылыми конкурстарда жоғары жетістіктерімен көзге түсті. Үшінші курс студенттері Темірлан Ахметқалиев пен Наргиз Рахметчанова тест сұрақтарын шеше отырып, биология бойынша “Омыртқасыздар зоологиясының негіздері” халықаралық байқауында бірінші орын алды, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

“III Халықаралық кітап басылымы” жобасының қатысушылары Ару Бейсекина мен Гүлжан Әсет ТМД ғылыми-білім беру мекемелері арасында “Үздік жас ғалымдар-2021” медалімен марапатталды. – Менің жұмысым қашықтықтан таныстырылды. Шығыс Қазақстанда байқалмайтын “зәкірлер” атты дәрілік өсімдіктердің сирек кездесетін түрін зерттедім. Оны медицинада, косметологияда, дерматологияда қолдануға болады. Өсімдік подагра, диарея, артритті емдейді, – деді “Биология” мамандығының студенті Гүлжан Әсет.

“Биология “мамандығының студенті Әсем Байжұманова болса “Білім-ғылым-бизнес интеграциясы: мәселелері мен болашағы” тақырыбындағы республикалық ғылыми практикалық конференцияда үздік баяндамасы үшін дипломмен марапатталды. “Аңшылықтану және аң өсіру” мамандығының студенті Сырым Сыдықов Қазақстан Республикасы бойынша білім беру мекемелерінің қатысушылары арасында ұйымдастырылған республикалық байқаудың жүлдегері атанды.

– Мен жобада аралардың жойылуын шешу жолдарын ұсындым. Өздеріңіз білесіздер, мәселе жаһандық сипатқа ие, – дейді Сырым Сыдықов. – Олардың біріншісі – өсімдіктердің тозаңдану мөлшерінің азаюы оларды “иониктер” деп те атайды, онда аралар балшырындар алады. Тағы бір шешім – жасыл аялдамалар. Мұны бізде қаншалықты жүзеге асыру мүмкін екенін білмеймін, бірақ еуропа елдерінің мысалдарына сүйене отырып, сіз олардың гүлденген аялдамаларын көре аласыз, оларды аралар тозаңдандырады. 

“Математика” мамандығы бойынша білім алушы Алмас Әсет “Цифрлық Қазақстан” байқауында 1 орын алды. “Ядролық физика” мамандығының 4 курс студенті Руслан Кондакиров өткен жылы ғана бес халықаралық конференцияға қатысты. “Атом физикасы”, “Электроника”, “Ядролық физикадағы бөлшектерді бақылау және тіркеу әдістері”, “Жарықтың шағылысуы” атты олимпиадаларда бірінші орындарға ие болды.

– Аталған олимпиадаларда мен тест тапсырмаларын орындадым. Бұл қиын болған жоқ, өйткені тақырыптарды біз оқытушыларымызбен бірге зерделегенбіз. Әрбір дәріске үңілуге тырысамын, бұл менің болашағым үшін маңызды, – деді Руслан Кондакиров. Айта кету керек, білім алушылар спорттық мансапта да өз таланттарын белсенді түрде көрсетеді. Атап айтқанда, “Дене шынықтыру және спорт” мамандығының студенті Нұрәлі Советханов Жапония Паралимпиада ойындарында 1:10.77 есебімен төртінші орынға ие болды, жалпы есепте сегізінші болып, финалға өтті. Нәтижесінде 1:10.99 нәтижесімен сегізінші орын алды.

– Лайықты спорттық жарыстарға қатысқаныма қуаныштымын. Өйткені, үнемі тырысу керек. Алдағы уақытта одан биік жетістікке ұмтылатын боламын. Алда – Париж жарысы, – деп мақтанышпен айтты спортшы Нұрәлі Советханов. Сонымен қатар, “Дене шынықтыру және спорт” мамандығының студенттері халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.

Мысалы, Серікбол Ермеков – кикбоксингтен әлем чемпионы. Данияр Ауданбек пен Николай Мрзагараев армрестлингтен Азия чемпиондары және спорттың осы түрінен әлем чемпионатының жүлдегерлері болып табылады. Диас Талапбеков армрестлингтен Азия кубогын жеңіп алды. Мөлдір Қалиқанова армрестлингтен әлем чемпионатында екінші орын алды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий