Абайдың айшықты әлемі

Абай – даналық пен даралықтың тұтас бір әлемі. Түркі шайыры  Жүсіп Баласағұнның «Кімде кім жапырақтан алмаса тәлім, оны оқыта алмас ешбір мұғалім» деген парасатты пікірі ойға оралады.  Тарих жазбасында , халықтың рухани қазынасында даналардың данасы, жүйріктердің жүйрігі ғана мәңгі ұялап қоныс тебеді.   Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясындағы Абайдың  алып бейнесі әлемнің  барлық контитенттерін шарлап, асқақ көрінісі арқылы қазақ халқын танытты.  

Бабалардың дара жолы өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениеті тарихында айқын із қалдырса, қазір де сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында толық сақтауда. Мұның өзі заңдылық, өйткені, әрбір ұлы тұлға адамзатпен бірге жасайтын өшпес, ескірмес идеяларды көтереді. Абай Құнанбайұлының  қазақ ұлты үшін орны бөлек: ол қазақ әдебиетінің  негізін қалаушы, ұлы ақын, аудармашы,қоғам қайраткері.

Абай Құнанбайұлы  ел басын біріктіру тұрғысында халықтың келешегі үшін  алдына мақсат етіп қойды: бастысы – халықтың ой-санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тәрбиелік істері. Оған оның барлық іс-амалы мен бізге қалдырып кеткен мұралары куә Өзінің өнегелі өмірі, тынымсыз ізденісі, жан- жақты таланты арқылы танылған Абай шығармаларының қазақ әдебиеті тарихында алатын орны орасан зор. Абай Құнанбайұлы — нағыз халықшыл жазушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен данышпан ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы.

Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған парасат иесі. Сөз өнерінің үздік үлгісі де,сөз маржандарын еркін төккен. Абай орақ тілді жырларымен, ғасырлар қазынасын шежіре еткен, ортағасырлық поэзия үні естіледі Той қарасаңында барша атырап жаңғыртып жеткізіп жатырғандай. Мөлдірлік тұнған тазалықтан, адалықты  тоғыстырған  Абайдың  ақындық табиғатын  аңғартатын поэтикалық бейне. Заман тынысын  сездіретін өлеңдері, өлең тілі  бедеріндегі  іздерін айшықтау мен ақын тілінің  бүгінгі күннен қалай  ерекшеленетіні, жалпы қазақ ақындарының  тілін саралауда  қайта-қайта ұлы Абайға  жүгінуге тура келеді.  Керемет тілдік үлгіні дүниеге келтірген Абай.

Абай әлемі-адамзатты ардақтап, жалпы қазақ жұртына ой салатын құдірет. Дала бесікте тербелген қара сөздерінің астарында айтпас ойы, жасалған пайымды  оқырман еншісіне қалдырады. Бір сөзбен айтқанда, бүгінде  барша қазақ халқының  аса зор құндылықтарына  айналған оның асыл мол рухани мұралары  ұрпақ игілігіне қызмет ете берері сөзсіз. Ол тарихи дара тұлға. Халықтың рухани болмысын, арғы тегін танытатын, ұлттық келбетін айқындайтын келешегінің айнасы  сынды темірқазық. Санасы уланғандарды Абай осының бәрін көріп білген. Бұдан шығу жолы толық адам ілімі. Абай дүниетанымы мен көзқарасы. Ол бүкіл адамзаттың  ортақ игілігі.

Абайдың рухани әлемі мен пәлсапалық  лирикасына  Шығыс та Еуропа да жете қойған жоқ. Жыр дариясынан  небір інжу-маржанды тере аласыз. Олай болса  Абайдың ақындық мұрасы-қайран қазағының өркениет  көшінде өзге жұртпен терезесі тең  болуына жөн көрсететін жарық нұр. Абайдың жас ұрпақққа тағылымы  білім мен өнерді,  еңбек пен табысты, достық пен адалдықты,  ақыл мен қайратты, ерік пен жігерді тануға көмектеседі.

Шынар УӘЛИЕВА,
№13 жалпы білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
Қостанай облысы, Рудный қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий