“Өнер – білім бар жұрттар”

Біздің білім шаңырағындағы қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәндерінің апталығы Ыбырай Алтынсариннің осы бір өлеңімен аталды. Бастауыш сыныптар арасында ұйымдастырылған қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәндерінің апталығының басты мақсаты оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқуға қызығушылықтарын арттыруға бағытталған еді.

Және қазақтың лирик, мәртебесі биік ақиық ақыны атанған Мұқағали бейнесімен таныстыру, Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірбаянымен, педагогикалық шығармашылығымен таныстыру болатын. Апталықтың жоспары бойынша күні лездемеде ашылу салтанаты өткізіліп, оқушылар апталықтың жоспарымен таныстырылды.

Абдуллаева Шынаргүл Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына орай 3-сыныптарға «Даланың дара ұстазы – Ыбырай Алтынсарин» тақырыбында буклет дайындау, А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай 4-сыныптарға «Әліппенің атасы – Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында қабырға газетін дайындауды тапсырды.

Оразғалиева Гүлденнің ұйымдастыруымен 3 – 4-сыныптар арасында М. Мақатаевтың 90 жылдығына орай «Мұқағали мәңгілік ғұмыр» атты Мұқағали өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыс мақсаты: Ақынның өмірі мен  шығармашылығын таныту, ақындық талантын  шәкірт жүрегіне ұялату, поэзияға деген  қызығушылығын арттыру, өлеңдерін  мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Апта бойына 2 – 4-сыныптарда қазақ тілі және әдебиеттік оқу пәндерінен ашық сабақтар өткізілді. Және арнайы лездемеде апталықты қорытындылау шарасы ұйымдастырылып, белсене атсалысқан сыныптар мен оқушылар марапатталды.

Айнагүл САҒЫНБАЕВА,
Боранқұл жалпы білім беретін
мектептің бастауыш сынып мұғалімі,
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий