Пилоттық жоба: цифрлық түзету
Арнайы бұйрыққа сәйкес, “Цифрлық түзету” пилоттық жобасы №5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы (тузету) мектеп-интернатына ендіріліп, тірек білім беру ұйымы ретінде бекітілген болатын. Ерекше қажеттілігі бар балаларға цифрлық білім беруді мақсат тұтқан жоба бүгінде тиімді жүзеге асырылуда, – деп хабарлайды Қызылорда облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
“Цифрлық түзету” пилоттық жобасын ендіруге дайындық жұмыстары өткен жылдан бастау алған. Бүгінде аталмыш жоба аясында цифрлыққа негізделген білім беру ұйымына 9 интерактивті панельі мен робототехника құрылғылары, музыкалық аппарат алынып, кабинет жасақталды. Көру қабілеті нашар балалардың білім алуына қолайлы сегіз ноутбук-планшет жене 2 моноблоктармен жасақталып, “Bilimland”,” I-Mektep”,” Twig-bilim ” цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділік қамтамасыз етілді.
Барлық компьютерлер мен интерактивті панельдер интернет желісіне толық косылу арқылы балаларға көзге арналған жаттығулар аудио және видео түрінде жүргізіліп, түзетуге арналған ресурстардың базасы жинақталуда. Сонымен қатар, экологиялық-биологиялық білім беруді дамыту бағытында шағын жылыжай іске қосылып, түрлі тәжірибелер жасалынуда. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында шеберхана мен спорт алаңы жабдықталып, кітапхана Coworking-аймақ ретінде бейімделіп, керкем әдебиеттер мен арнайы кітаптармен толықтырылды.
– Аймағымызда 35 интернаттық мекемелер жұмыс жасайды. Бүгінде мектеп-интернаттары көрсетіліп жатқан қолдаулардан кейін жағдайлары жақсаруда. Соның бір көрінісі осы №5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы (тузету) мектеп-интернаты. Аталмыш білім беру ұйымы өткен жылы толық жөндеуден өтіп, жаңа спорт алаңдары мен жылыжай іске қосылып, қазіргі таңда балалардың білім алу жағдайларын жақсарту мақсатында жобалар енгізілуде, – деді атқарылған жұмыстарды көріп, алдағы жоспарлармен танысқан облыстың бас ұстазы Ақзира Бақтыбайқызы.
Загрузка...А. Қасымова жауапты тұлғаларға алдағы уақытта аймақтық ғылыми жобалар мен байқауларға ерекше білім беруді қажет ететін балаларды да қатыстырып, ол үшін арнайы секция ашуды тапсырды.