“Алтын тұғырдың” жетісулық жеңімпаздары

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық және «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталықтары ұйымдастырған бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасында Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мулькибаева Жанна Толеужановна жүлделі бірінші орынды иеленді, – деп хабарлайды Алматы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Ақсу ауданындағы Т.Тоқтаров атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мырзағалиева Ермек Құдайбергеновна, Қаратал ауданындағы Р.Қошқарбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Тулебаева Қарлығаш Куздеубаевна үшінші қатардан көрінген болатын. Соңымен қатар республикалық «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасында Талдықорған қаласындағы Д.Рақышев атындағы мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі Катубекова Лаззат Оразымбековна, Іле ауданындағы №3 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Рямова Елена Валерьевна, Қаратал ауданындағы Морозов атындағы №51 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Тян Екатерина Вадимовна көрсеткен жетістіктері үшін грамоталармен марапатталды.

Бұл олимпиаданың басы мақсаты – бастауыш мектеп мұғалімдерінің жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау қабілетін жақсарту, мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту және педагогикалық шеберлігін жетілдіру, педагог мамандығының мәртебесін арттыру.  

Негізгі міндеттері: бастауыш сынып мұғалімдерінің математика пәніне деген қызығушылығын қалыптастыру, сол арқылы мұғалім деңгейін көтеруді; қабілеті жоғары оқытушыларды анықтау және ынталандыруды; оқытушылардың математикалық ұғымдарды талдау қабілетін жоғарылатып, оқушы алдында өз ойын сауатты жеткізе білуге жетелеуді; бастауыш мұғалімдерінің маңыздылығын айқындауды; республика көлеміндегі мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуын қалыптастыруды көздейді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий