Спорт саңлағымен жастардың жүздесуі
Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Бәйтерек» жалпы орта мектебінде «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» тақырыбында 8-сыныптар арасында онлайн форматта Қазақстанның қазақ күресінен спорт шебері Бөлен Еркінбекпен кездесу ұйымдастырылды, -деп хабарлайды Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз қызметі.
Кездесу барысында оқушылар спортшымен сұхбаттасып, спорттың адам денсаулығы үшін пайдасы және байрықты бәсекеде қалай жеңіске жетуге болатынын туралы түрі сауалдарға жауап алды. Кейіпкеріміз Ордабасы ауданындағы Темірлан елді мекенінде дүниеге келген (21.07.1996 ж). Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебін 2014 жылы тәмамдап, М.Әуезов атындағы мемлекеттік университетінде “Дене шынықтыру және спорт” мамандығын бітірген.
Загрузка...Мектеп қабырғасындағы 11-12 жасында аудандық және облыстық жарыстардың жеңімпазы атанып, жетістіктерімен ел-жұртқа кеңінен танылған. Спорт саңлағы облыстық “Қазақстан барысы” дүбүрлі додасыннда үшінші орынды иеленіп, жастар арасында ел чемпионы атанды. “Ақ бидай” ауыл-ойындары күміс жүлдегері.