Семинар – практикум ұйымдастырылды

Аймақтағы ғылыми – тәжірибелік орталықтың жоспарына сәйкес «New school psychologist – қазіргі қоғамдағы педагог-психолог» тақырыбында семинар-практикум ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Ақтөбе облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Шара аясында психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің меңгерушісі, «Психология» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі Меруерт Жубандыкова «Педагог-психологтың имиджі» тақырыбында баяндама жасады. Соның ішінде педагог-психологтың бейнесін сипаттап, жағымды әсер қалдыратын сыртқы келбетіне қатысты ұсыныстар берілді. Бөлімнің әдіскері Бекмұрат Колкабаев психология қызметінің негізгі бағыттарына тоқталып, жас мамандардың кәсіби дамуын жалғастыруға серпін берді.

Семинардың практикалық бөлімінде психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің әдіскері Алтынай Картбаева педагог-психологтардың кәсіби дамуында тежейтін шектейтін сенім-нанымдарды танып білу туралы ақпарат беріп және саналы тұрғыда жағымды ұстанымдарға аудару техникаларын ұсынды. Сонымен қатар, «алдаушы» синдромының  маманға тигізетін кері әсерін атап өтіп, шығармашылық ізденіске бағыт пен бағдар берді.

«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграциялау – ұлттық құндылықтардың ашылу кепілі» тақырыбындағы семинар – практикумның да zoom платформасында ұйымдастырылғанын да осы орайда атап айтқанымыз абзал. Басқосуға өңірдегі өзін-өзі тану педагогтері қатысып, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырушы негізгі және пилоттық білім беру ұйымдарының іс – тәжірибесі көрсетілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий