Павлодарлық зияткер Гонконг политехникалық университетіне шақырту алды

Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Медина Абдильманова Гонконг политехникалық университетіне шақырту алды. Гонконг Политехникалық университетіне (The Hong Kong Polytechnic University) – 80 жылдан астам мақтанышпен дәстүрге ие және әлемдегі ең жақсы 100 оқу орындарының қатарына кіреді, -деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Медина 10 сыныптан бастап өз өмірін биологиямен байланыстырғысы келетіндігін нақты білген. Бұл оның алғашқы шақыртуы. Айтуынша, «ең бастысы өз күшіңе сену керек» дейді павлодарлық зияткер. Ол «биомедициналық инженерия» мамандығы бойынша білімін арттырып, мамандық бойынша оқи алады.

– Мен Biomedical Engineering бағдарламасына шақырту алғаныма өте қуаныштымын. Гонконгтың университтерін таңдаған кезде, мен үш жоғарғы оқу орнын қарастырдым. Оның ішінде Политехникалық университетке тоқтадым. Құжаттарды толтыру кезінде мен мотивациялық хатқа аса көңіл бөлдім. Менің ойымша, дәл сол хаттың рөлі маңызды болды. Бұл менің бірінші шақыртуым, сондықтан әлі де басқа ұсыныстар күтемін. Павлодар NIS-тың ұжымына алғысымды білдіремін. Өйткені, білім ошағы оқушылардың кез-келген бастамаларына әрдайым қолдау білдіреді. Сондай-ақ, білім нәрімен сусындатқан ұстаздар қауымына ризашылығым шексіз. Маған сеніп, қолдағандарыңызға алғыс айтамын, – деп Медина қуанышымен бөлісті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий