Жас жеткіншектердің жетістігі

Атырау қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай дзюдо күресінен  2009-2010, 2011-2012 жылғы кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында ашық турнир ұйымдастырылған болатын. Дүбірлі додаға облыстың барлық қала-аудандарынан жасөспірімдер қатысып, бақтарын сынасты.

Дзюдоның қыр-сырын үйретіп, жасөспірімдерді спортқа баулып жүрген мектебіміздің спортшысы  Байменов Алтай дайындаған бір топ дзюдошылар да осы ашық турнирге қатысып күштерін сынап келді. Шаршы алаңға шығып қарсыластарына дес бермей келген ұл-қыздарымыз тәжірибе алмасып, жеңістің тұғырынан да көрініп қайтты. 

Нақтылап айтар болсақ, Киікбай Гүлзинат 29кг салмақпен, Балмурин Аян 32кг салмақпен,  Нұрылбай Аян 46кг салмақпен ІІ орынды иеленсе, 23 кг салмақпен  Дарханұлы Жанасыл,  Сарсенбаев Базарбек (29кг),   Қоныскерей Бақұзақ (35 кг),  Орынбасаров Дінмұханбет  (38кг) Орынбасар Мадина (44 кг)Амантұрлы Інкар (29кг салмақпен) ІІІ орынды қанжығаларына байлап қайтты.

Дзюдо әлеміне қадам басқан жас спортшылар үшін бұл жарыс өзін көрсетуге, қабілетін байқауға жақсы мүмкіндік болды. Қазіргі таңда мектеп оқушыларының дзюдоға деген қызығушылықтары өте жоғары. Жас спортшыларымыздың спорт шыңына жетуге жасалған әрбір қадамдары оң болсын! Спортқа қызықтырып, салауатты өмір салтын ұстануға баулыған бапкер Байменов Алтай ұстазға алғысымызды білдіреміз.

Сагила КОШКЕЕВА,
Боранқұл жалпы білім беретін
мектептің дене шынықтыру пәні
мұғалімі,
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий