Басты мақсат – білім сапасын жақсару

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ өткен аптаның сәрсенбі күні Алматы қаласына жұмыс сапарымен барып, еліміздің алғашқы мегаполисі атанған үлкен шаһарда орналасқан білім және ғылым нысандарын аралап, жергілікті педагогтермен кездесулер ұйымдастырған болатын. Солардың қатарында былтырғы жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген № 206 мектеп-гимназия да бар болатын.

 

– Қаладағы барлық білім беру ұйымдары қазіргі кезде тұрақты және штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бұл білім ордасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін 1000 мектептің құрылысы аясында салынған нысандардың бірі. Жанындағы мектепте қабылдау қорытындысы бойынша 1 сынып оқушылары көп болды, «Ю» сыныбына дейін. 1800 оқушыға арналған тағы бір мектептің пайда болуы оқушы орындарының тапшылығын шешуге көмектесті, – деп мәлімдеді еліміздің бас педагогы бұқаралық ақпарат құралдарына таратқан ресми ақпаратында. Асхат Қанатұлы сапар барысында әріптес-педагогтермен әңгімелесіп, педагогикалық құрамның сапасына айрықша мән берді.

Ұжым ұстаздарымен танысу барысында химия пәнінің мұғалімі, педагог – зерттеуші Тален Салтанатпен, биология пәнінің мұғалімі, педогог – зерттеуші Балыбекова Рабиға Жұманазарқызымен, физика пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Ниязбекова Ақмарал Қалтайқызымен  әңгімелесіп, осы пәндер бойынша оқу бағдарламаларының мазмұнын және оқу процесін жақсарту идеяларын талқылаға салды.

– BI Group құрылыс компаниясы салған бұл заманауи мектеп халық тығыз қоныстанған Наурызбай ауданындағы бұрыннан бар білім шаңырақтарының жүктемесін азайту мақсатын көздейтіндігіктен мемлекеттің білім саласындағы үлкен қамқорлығы деуге әбден болады. Мектептің оқыту тілі қазақша. Жаңа талапқа сай салынған оқу ғимараты 9 блоктан тұрады. Мектепте сыртқы спорт алаң мен ойын алаңдары бар. Мектептің әр блогы бастауыш сынып,  техникалық пәндер мен гумманитарлық пәндер блогына бөлінген, – дейді мектеп директорының міндетін атқарушы, жауапты жұмыстарды үйлестіруші Фатима Маметқалиқызы.

Алиакбарова Фатиманың айтуы бойынша әр оқу кабинеті заманауи smart тақталармен жабдықталған, бұл тақталардың ерекшелігі әр пәнге қатысты толық материалдар 3D форматында тақтаның ішінде бөлімдерге бөлініп пайдалануға дайын тұр. Әр пән мұғалімі өз сабақтарын қызықты және нақты дәлелдермен smart тақтаның көмегімен өткізе алады. Оқушылардың практикалық, зертханалық жұмыстар жасауына зертхана кабинеттерінде керекті құралдардың бәрі бар. 

– Ұстаздар бөлмесі мен медиатека кабинетітері де толық компьютермен жабдықталған. Мектептің тағы бір ерекшелігі оқушылардың қауыпсіздігіне арналған Fase ID бағдарламасы. Бұл бағдарламаға болагақта мектеп оқушылары мен ата-аналарының толық мәліметтері енгізіледі. Мектептің кіреберісінде орнатылған камералар арқылы әр оқушының мектепке кіріп және шыққаны туралы хабарлама ата-анасының ұялы телефонын барып тұрады. Бұл бағдарлама арқылы ата-ана баласының қауіпсіздігіне алаңдамайды.

Мектепке барлық мұғалімдер конкурспен қабылданады. Бүгінгі таңда жақын маңайдағы 700 жүзге жуық оқушының ата-анасының ұл-қыздарын осы жаңа мектепке қабылдай жөніндегі өтініштері қабылданып, екі жүзге жуық әр түрлі пәннен сабақ беретін ұстаздар мамандарды жұмысқа қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов жұмыс сапарымен мектепке келгенде оқу кабинеттерін толық аралап, білім ордасындағы заманауи құрал-жабдықтарды көзімін көрді. Және пән мұғалімдерімен информатика, химия, физика, биология пәндері бойынша оқу бағдарламасының мазмұнын және оқу процесін жақсарту идеяларын тыңдап, ортақ мақсаттағы маңызы зор мәселелер талқыға салынды, – дейді ол бізден әңгімесінде.

Алиакбарова Фатима 1966 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1990 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің тарих факультетін бітіріп, 1994 жылдан бері Алматы қаласы білім беру ұйымдарында қызмет атқарып келеді. Фатима Маметқалиқызының  ұзақ жылғы тынымсыз еңбегі лайықты бағаланып, 2002 жылы «ҚР Білім беру ісінің үздігі» және 2010 жылы «Ы.Алтынсарин» төс белгісінің иегері атанды. 2013 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім беру жүйесін дамытуда қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасымен, 2016 жылы Ресейдің марапаттау комитетінің «Білім берудегі еңбегі үшін» медалімен, 2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен, 2021жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен  марапатталды. Ол педагогикалық ұжымда беделі зор, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне үлкен көңіл бөлетін  іскер басшы және білікті маман.

Және бір ескеретін жағдай бұл жаңа мектепке шаруашылық жүргізу құқығы берілетіндігімен де басқа білім ордаларынан ерекшеленеді екен. Демек ұстаздар ұжымы өзін-өзі қаржыландыру мақсатында кейбір үйірмелерді ақылы түрде ұйымдастыруға және басқа да мүмкіндіктерді пайдалануларына болады. Салалық ведомства жетекшісісі осы сапары барысында сонымен қатар, 315 орынға шақталған #186 бөбекжайының жұмысымен танысты. Бұрын бұл нысан жалға берілген еді. Қазір ғимарат жөнделіп, жаңа балабақша ретінде ашылған.

– Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетіне бардым. Жөндеу жұмыстарымен танысып, жатақханаларға барып келдім. Университет тарапынан ғылыми жобалар таныстырылды. Әріптестерім айтқан барлық сұрақтар мен ұсыныстарды мұқият тыңдап, жатақханада қалған студенттермен әңгімелестім. Сонымен бірге, сапар барысында қала мектептерінің директорларымен кездесу өткіздім. Мектеп басшыларының ұсыныстарын тыңдап, қызықтырған сұрақтарға жауап беруге тырыстым, – дейді Асхат Қанатұлы өзінің журналистерге берген сұхбатында.

– Біз «Алматы мектептері» жобасын іске асыру барысын талқылап, жан басына қаржыландыру тетігінің тиімділігін арттыру, сынып жетекшілерінің институтын күшейту мәселелерін талқыладық және ата-аналармен өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған жобалар туралы сөз қозғадық. Министрдің мәлімдеуінше алматылық әріптестер тарапынан қойылған барлық міндеттерді тиімді іске асырудың маңыздылығын түсінетіндеріне және қолдайтындарына көз жеткізіп, ең басты мақсат ретінде білімның сапасын арттыру қажеттілігіне айрықша мән берілген.

Нұрлан МЕРАЛЫ

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий