Геодезияның бүгіні мен болашағы

Біздің ұжым бұл техникалық және кәсіптік білім беретін көне оқу орындарының бірі. Ол геодезия және картография саласында мамандар даярлауды табысты жүзеге асыратын еліміздегі жалғыз мамандандырылған мемлекеттік оқу орны болып табылады. Коледждің құрылғанына былтыр 75 жыл толды.

Ел тәуелсіздігінің отыз жылдығымен тұспа-тұс келген мерейтойды атап өту аясында облыстық білім басқармасы мен жергілікті кәсіптік білім беру орталығының үйлестіру негізінде халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылған болатын. Бұл басқосуға халықаралық ынтымақтастық шеңберінде республиканың барлық аумағынан ғана емес, сонымен қатар көршілес мемлекет – Ресей Федерациясының (Мәскеу, Прокопьевск және Омбы қалаларынан) студенттері, оқытушылары, сондай-ақ Қазақстан, Ресей және Бангладеш Республикасының кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Тәуелсіз сараптау комиссиясының құрамындағы Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ «Жер туралы ғылымдар мектебі» факультетінің қызметкерлері: Маржан Рахымбердина – декан, Апшикур Байтак –профессор, техника ғылымдарының кандидаты; «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ «Геодезия және құрылыс» кафедрасының қызметкерлері: Назира Кудеринова – қауымдастырылған профессор м.а., техника ғылымдарының кандидаты; аға оқытушылар: Гүлнұр Сейтқазина, Серікбек Кудеринов, Құралай Байбусинова; Нұргүл Құрманғалиева – ақпараттық-техникалық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі, Әлихан Бөкейханов Университетінің PhD докторы. Сарапшылар ретінде «Бизнес және сервис колледжі» КМҚК және «Семей қаласының индустриялық-технологиялық колледжі» КММ әдіскерлері Айнаш Бейсенова мен Светлана Клепова белсенділіктерін танытты.

Педагогикалық еңбек өтілін Топографиялық техникум қабырғасында тарих пәнінің мұғалімі ретінде бастаған техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің сарапшы-ардагеріне ерекше назар аударғым келеді. Ол – Ольга Исаева, «Прииртышье «қалалық өлкетанушылар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі. Кәсіби тұрғыдан спикерлерді бағалау үшін кәсіпорын мамандары – біздің әлеуметтік серіктестеріміз “GEOID” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атынан: Анель Кемербаева – 3Д модельдеу бөлімінің бастығы, Зейнеп Алханова- BIM жетекші маманы.

Сондай-ақ Альфия Олжаева – ҚР инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібін сандық дамыту министрлігі геодезия және картография комитетінің “Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы” ШЖҚ РМК “Шығысгеодезия” филиалының техникалық бақылау бөлімінің басшысы, Талғатбек Нүрланұлы – топогеодезия бөлімінің бастығы, “Қаратас майнинг” ЖШС ( BI Group компаниясы) шақырылды.

Тыңдалған баяндамалар жоғары деңгейде рәсімделіп, сұрақтарға сауатты және мәні бойынша жауап бергендерге облыстық колледждердің директорлар кеңесі атанан сертификаттар табысталды. Ең үздік жұмыстар түрлі дәрежелі диплом және грамоталармен марапатталып, маңызды материалдарды арнайвы жинаққа жариялау мақұлданды. ШҚО кәсіптік білім беру орталығы директорының орынбасары З. Утепова мен колледж директоры Қаныш Төлеуов арнайы сөз сөйлеп, жиналғандарға ризашылықтарын білдірді.

«Геодезия және картография саласындағы жаңашылдық» бағытындағы №2 секцияға жұмыс берушілер мен топографиялық-геодезиялық сала кәсіпорындарының өкілдері қатысты. «Геодезия бүгін және ерең» бағытындағы №3 секция шеңберінде геодезиялық және картографиялық профильдегі арнайы пәндерден сабақ беретін отандық және шет мемлекетттердегі салалық жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары зерттеу жұмыстарын қорғады.

Айман АБДЫЛЬДИНОВА,
Геодезия және картография жоғары
колледжінің әдіскері, ШҚО, Семей қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий