Білікті мамандар – білім беру жүйесінің негізгі және маңызды ресурсы болып саналады
Облыста, барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында педагогикалық қызметті 23 мыңнан астам педагог қызметкер жүзеге асырады, оның ішінде облыстың жалпы білім беретін мектептерінде 16 мыңнан астам педагог жұмыс істейді. Кадрлар қажеттілігі бізде оқу жылының соңында айқындалады, себебі Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 6-бап 20-1) – тармағына сәйкес ауылдық жердің кадрлар қажеттілігі туралы мәліметті (аудан бойынша, оқу жүктемесі, тұрғын үймен қамтамасыз етілуі) жыл сайын 15 сәуірге дейін білім бөлімдері қай мектепке қандай маман қажет екенін білім басқармасына ұсынады, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда облыста мамандар жетіспеушілігі жоқ, себебі кадрларға деген қажеттілік мамандардың келуі есебінен (сондай-ақ жоғары кәсіби және біліктілік деңгейі бар зейнеткерлік жастағы педагогтарды тарту есебінен) жабылады. Жыл сайын облыстың білім беру ұйымдарына жұмыс істеу үшін 900-ден астам маман келеді (2019 жылы – 1075, 2020 жылы-1296, 2021 жылы – 1502), оның 400-ден астамы жас мамандар. Соңғы үш жылда 1795 жас маман келді (2019 жылы – 485 және 2020 жылы – 640 және 2021 жылы – 670).
Ауылдық жерлердегі білім беру ұйымдарына жас мамандарды тартуға «Дипломмен ауылға» бағдарламасын іске асыру ықпал етеді. Елімізде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2009 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Ережеге сәйкес ауылдық жерлерге жұмыс істеуге келген педагогтар 100 еселенген АЕК мөлшерінде (а.ж. 25 маусымынан бастап 70 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін көбейтілді және 252,5 мың теңгені құрады) және несие сомасынан жылдық 0,01% мөлшерінде сыйақы мөлшерлемесімен 15 жыл мерзімге 1500 АЕК-тен (3,8 млн. теңге) аспайтын тұрғын үй сатып алуға немесе салуға несие алуға құқылы.
Ақмола облысы Экономика және бюджетік жоспарлау басқармасының ақпараты негізінде 2021 жылғы 30 желтоқсандағы жағдай бойынша білім беру саласына жұмысқа келген 476 маманға 138 млн.теңге көтерме жәрдемақы және 244 маманға тұрғын үй сатып алуға 1 047 623 млн. теңге сомасында несие бөлінді. Сондай-ақ, білікті педагог кадрлардың тапшылығы проблемасын шешу, оның ішінде мұғалімдерді ауылдық жерлерде бекіту үшін де жоғары педагогикалық білім алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу практикасы жалғасуда.
Загрузка...Қазіргі уақытта облыс әкімінің гранты бойынша 400 адам оқиды, олар оқу орнын аяқтағаннан кейін облыс мектептеріне жұмысқа жіберіледі. 2021 жылы 92 мамандық алды, оның 52 маман облыстың білім беру ұйымдарына жіберілді, 34 магистратураға оқуға түсті (5 тұрмысқа шықты, 1 әскерге шақырылды). Кадрлар – білім беру жүйесінің негізгі және неғұрлым маңызды ресурсы екенін ескере отырып, педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі тұрақты бақылауда.