Семей – НЗМ: “Ата-ана – ұлттың ұясы” тақырыбындағы форум ұйымдастырылды

Семей қаласындағы облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханада «Senimen bolashaq» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен «Ата-ана – ұлттың ұясы» атты форум ұйымдастырылған болатын. Форум ата – аналарға бала тәрбиесінде ағартушылық, әдістемелік білім беру, қолдау көрсету, сондай – ақ, дәстүрлі тәрбие берудің ұтымды жақтарын, отбасы институтындағы әжелер мектебі мен әкелер кеңесін жандандыру мақсатын көздеді.

Бала тәрбиесіндегі отбасы институтының түрлі мәселелерін талқылаған форумға Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев, қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Біржан Заманбекұлы, Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Бағдан Қайыржанов, Әлихан Бөкейхан университетінің проректоры Айрат Базеновтерден бөлек мектеп ұстаздары мен ата-аналары қатысты.    

Форумның ашылуында «Senimen bolashaq» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы Нұркен Асанов қоғам келешегі, ертеңгі арқа сүйеріміз балалардың тәрбиесіне саналы түрде көңіл бөлу керектігін баса айтты. Қазіргі күнделікті күйбең тіршілікпен ата-аналарымыздың көпшілігі ұрпақ тәрбиесіне лайықты деңгейде көңіл бөле алмай отырғандығына тоқталған ол осы кемшілікті түзеуді қазірден бастап қолға алу керектігін еске салды.

Осы бір тұщымды ойды мектебіміздің директоры Бағдан Тоқтамысұлы да жалғастырып, бала тәрбиесіне қатысты ұзақ жылғы ұстаздық тәжірибесінен ой пікірлерін ортаға салды. Форум аясында ата- аналармен байланыстырыла жүргізілген тренинг олардың белсенділігін арттырып, тың жаңа мағлұматар алуға септігін тигізді. Мысалы, бала тәрбиесі жөніндегі сарапшы маман Елжас Ертайұлы жүргізген «Бақытты бала химиясы» және педагог профориетолог Нариман Утеубаевтың жүргізген «Искусство ошибаться» – деп аталатын тренингтердегі берілген бірқатар психологиялық, педагогикалық әдіс-тәсілдер көптеген ата – аналарға жаңаша ой салды.

Шара барысында  қалалық ата – аналар кеңесінің мүшелері, Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-ұйымдастырушы-кураторлары, өзге де білім мекемелерінің ұстаздары, ата – аналары бала тәрбиесіне қатысты ой алмасып, алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасауға келісті. Сондай – ақ, «Senimen bolashaq» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Семей қаласында ашылуы осы өңірдің ата – аналарын ерекше қуантты.

Аталған филиал директоры Аман Рахметуллин жаңадан ашылған филиал қоғамдық бірлестіктің барлық мақсат – міндеттерін жалғастыра отырып, келешекте саналы да – сапалы ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздар мен ата – аналарды бір жеңнен – қол, бір жағадан –бас шығарып қызмет етуге шақырды.

Нұржанат КАСИМОВА,
Семей қаласындағы ФМБ НЗМ
педагог-ұйымдастырушы – кураторы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий