ЕҰУ ғалымдары шетелдік әріптестерімен бірлесіп, Springer баспасында монография шығарды

2022 жылдың қаңтарында Springer баспасында жоғары рейтингке ие кітаптар сериясында және Scopus деректер базасында сілтеме жасалған ЕҰУ ғалымдарының қатысуымен «Интермодальдық тасымалдаудағы заманауи трендтер мен зерттеулер» атты ұжымдық монография баспадан шықты, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Зерттеудің авторлары э.ғ.д., профессор Райымбеков Ж.С., э.ғ.д., профессор Сыздықбаева Б.У., э.ғ.д., профессор Азатбек Т.А., Силезия техникалық университетінің профессоры Сладковский А. (Польша) редакциясымен. Монография әртүрлі елдердің ғалымдарының интермодальдық тасымалдаудың қазіргі жағдайының проблемалары және оларды дамытудың жаңа техникалық, технологиялық, ұйымдастырушылық және басқарушылық шешімдерін әзірлеу туралы зерттеуі болып табылады.

Авторлардың 7 баспа парақтан тұратын жұмысы корона дағдарысы және әлемдік экономиканың жалғасып келе жатқан құлдырауы жағдайында жүктерді тасымалдау және тарату тиімділігін арттыру бойынша зерттеу нәтижелері ұсынылып отыр. Зерттеу жұмысы профессор Ж.С. Райымбековтің жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің Ғылым Комитеті қаржыландыратын AP08856331 «Инновациялық логистика тұжырымдамасы негізінде тауарды таратудың тиімді интеграцияланған ұлттық желісін қалыптастыру және дамыту» ғылыми жоба аясында жүзеге асырылды.

Авторлар халықаралық сауда проблемаларын және COVID-19 пандемиясы мен және жаһандық экономиканың жай-күйімен байланысты қозғалыстарға қойылған қатаң шектеулер мен шекараларды жабылуы жағдайында тауарлар мен адамдардыжеткізу мен тарату мәселелері қарастырлды. Әлемдік экономиканың ен көп зардап шеккен секторлары анықталды: көлік қызметі, логистика және туризм.

Көпкомпонентті талдау негізінде халықаралық сауданың, жүк тасымалының және азық-түлік тауарларының таралуының дамуына әсер ететін негізгі факторлар анықталды (ЕАЭО және Қазақстан мысалында). Макроэкономикалық модельдер мен заманауи бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану арқылы елдің тауарды бөлу жүйесінің негізгі факторларының бірі ретінде елдің макроэкономикалық көрсеткіштері мен көлік-логистикалық жүйесі арасындағы себепті байланыстар зерттелді. Қазақстанда көлік саясатын дамытудың басым бағыттары мен тетіктері белгіленді.

Қазақстан аймақтарында тиімді логистикалық дистрибьюторлық орталықтарды қалыптастыру және дамыту және олардың жұмысының тиімділігін арттыру бойынша ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар кешені ұсынылды. Бұл жоғарыда аталған ғалымдардың Springer баспасынан шыққан екінші монографиясы. Біріншісі 2018 жылы жарық көрді. Монография https://link.springer.com/book/10.1007/978-3-030-87120-8 сілтеме бойынша қол жетімді

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий