2021 жылы білім және ғылым саласындағы министрліктің тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылды

ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Алқа отырысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қатысты. Жиынға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов модераторлық етті, – деп хабарлайды осы салалық ведомстваның баспасөз қызметі.
Ералы Тоғжанов министрліктің қызметіне оң бағасын беріп, Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың сапалы орындалуының маңыздылығын атап өтті. – Министрлік ауқымды жұмыс атқарды. Министрдің қатысуымен екі аптаның ішінде азаматтардан келіп түскен мыңдаған сұраққа жауаптар берілген. Біріншіден, атқарылған үлкен жұмыс – министрдің азаматтармен тікелей қарым-қатынас орнатқанының көрсеткіші. Екіншіден, нақты мәселелер шешімдерін тапты деп есептеймін, министрлік қажетті іс-шараларды қабылдап жатыр.
Ары қарай Мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған барлық тапсырмасының, оның ішінде білім беру жүйесін қайта форматтау арқылы орындалуын қамтамасыз ету қажет. Осы тұрғыдан алғанда білім беру жүйесін дамытудың негізгі деңгейлері мен бағыттары бойынша қыруар жұмыс күтіп тұр», – деп өз сөзін аяқтады ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий