“Өзін-өзі тану” пәні арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың жалпыадамзаттық құндылықтарын жарыққа шығару

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту білім беру үрдісінің бірінші деңгейі болып табылады.  Қазіргі қоғам өскелең ұрпақтың бойына-мейірімділік, сүйіспеншілік, қайырымдылық, әділдік, қамқорлық сияқты адамгершілік қасиеттерді сіңіріп тәрбиелеуді алға қояды. Осыған орай «Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжінің білім алушылары мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы «Өзін-өзі тану» пәнінің жүргізілуін, әдіс-тәсілдерін игеру мақсатында педагогикалық тәжірибеден өтті.

Студент Жолшыбай Гүлдана «Өзін-өзі тану» пәнінен «Игі істер» тақырыбында мектеп алды даярлық тобында ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Машықкер бұл оқу қызметінде «Өзін-өзі тану» бағдарламасының мектепке дейінгі кезеңіндегі мынадай мақсаттарын негізге алды: мейірімділік, сүйіспеншілік, сыпайылық түсінік, адалдық, Отан, өмір, денсаулық, адам, отбасы, достық, табиғат сияқты рухани-адамгершілік құндылықтар туралы бастапқы түсінік беру; жақсы мен жаманның ара жігін ажырата білуге, үлкенді сыйлап, мейірімділік таныта алуға, достарына, жақындарына шамасына қарай көмек көрсетіп, қоршаған ортаға сүйіспеншілікпен қарай отырып, айналасындағы адамдардан көмегін аямауға және қамқор бола алуға үйрету.

Білім алушы «Өзін-өзі тану» ұйымдастырылған оқу қызметінде «Шаттық шеңберін» құрып, өлең жолдарын орындату барысында балалардың жаңа күнін шаттыққа бөлеп, көңіл-күйін көтеріп, бір-біріне деген көзқарастарын, достық ниеттерін дамытты. «Дәйек сөз» айдарында Мұхтар Әуезовтің «Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі» нақыл сөзін талдата келе, адамдарға жасаған жақсылықтарымыздың барлығы игі істер деп тұжырымдады.

«Мазасыз балапан» әңгімесі бойынша балалардан түсінгендерін сұрады. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыста балаларды ынтымақтастыққа, шыдамдылыққа, өзгенің ой пікіріне сыйластықпен қарауға шақырды. Ән айту барысында балалардың әуенге қызығушылығын арттырып, сүйіспеншілік сезімін оятты. Ашық ұйымдастырылған оқу қызметтері жаңа талапқа сай, заманауи үлгіде өтті, балалардың қызығушылығын, өмірге деген көзқарастарын аша білуде дидактикалық ойын элементтерін және көрнекіліктерді өз дәрежесінде пайдалана білді.

Болашақ тәрбиешілердің ізденімпаздылықтарының арқасында әр баланың шығармашылық қабілеттерінің шыңдалғаны – осыған дәлел. Қорыта келе, машықкерлер «Өзін-өзі тану» ұйымдастырылған оқу қызметінде талап етуден гөрі көмектесу, үйретуден бұрын баланы сүю маңызды екенін біліп, әрқашан балаларға қолдау көрсетеді. «Өзін-өзі тану» пәні арқылы мектеп жасына дейінгі балалар бойына жаңа қасиеттер, жағымды мінез құлықтар, игі істер, жаңа білімдер қалыптастырды, Ота­нына деген адалдыққа, ұлтына деген сүйіспеншілікке баулыды.

Жансая Бақытқызы ҚАЛЫҚБАЕВА,
«Өзін-өзі тану» адамның үйлесімді дамуы
гуманитарлық колледжінің арнайы пән оқытушысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий