Мен сіздерге есірткі жайлы айтып беремін

Бүгінгі менің қозғағалы отырған тақырыбым –  денсаулық жауы деп аталатын  “нашақорлық”. Оның адам ағзасына тигізетін зияны, өміріне туғызатын қаупі туралы түсінік бермекпін. Максүнемдік, нашақорлық және темекі шегу, есірткі қазіргі жасөспірімдер арасындағы актуалды проблемаға айналды десек, келісетін шығарсыз? Темекі мен спирттік ішімдікке тәуелділік арамызда танымал үрдіс.

Нашақорлық – адам ағзасын өте тез уландыратын, аса қауіпті психикалық дерт. Оны әсіресе, жас ағзалар тез қабылдайды. «Балаға қайшыны берсек те, бермесек те жылайды» демекші, үлкендер сол қайшыны бізден алып қоюға тырысып та жүргені шамалы. Сондықтан, жастар арасында үндеу жүргізбесек, проблема шешімін таба алмайтын секілді. Бұл індеттің алдын алу үшін не істеуіміз керек? Біріншіден, осы заттарға әуесқойлықты шақырар факторларды азайту керек.

Отбасы проблемасы, стресс пен уайым, ата—ана мен бала арасындағы конфликтті болдырмау біздің қолымызда. Оның үстінен ата—ана тарапынан баланы қадағалауды күшейту керек. Балаға деген қамқорлықтың аздығы осыдан білінеді. Өскелең ұрпақ жетіспеген қамқорлық пен көңілді басқа ресурстан іздейді. Сол себептен, осындай психологилық дағдыдан жастарды түсінуге тырыссақ, артық болмас.

Екіншіден, баланың қоршаған ортасына да қарайлаған жөн. Жас тұлғаның өзін—өзі тану жолындағы достарының да өз орны бар екенін ескерейік. «Қоршаған орта—өмір айнасы» демекші,есірткіге әуесқойлық осыдан да бастау алуы мүмкін. Үшіншіден, «үлкенге қарап кіші өсер» дегендей, ересектер де осы құмарлықтың құрбаны болып жүргенде, жастар бұдан қандай тәрбие алуы керек? Осы орайда өскелең тұлғаларға үлгі болар үлкендер ортасына да үндеу жолдаймын. Есірткінің жамандығын барлығымыз білеміз, бірақ оның зиянына көз жұма қарайтынымыз қынжылтады.

Жоғарыда айтылған факторлардың барлығы тек бір адамның қолынан емес барша халықтың бірігуінен орындалмақ. Сондықтан, бізге біріккен жөн. Біріксек, бұл қамалды да ала алмақпыз! Сөз соңында «жалынды жастар — жарқын болашаққа жол» дегім келеді. Жарқын болашаққа жолы ашу үшін, жастар жолынан есірткіні алып тастауымыз қажет!

Аружан  УМИРТАЕВА,
№274 орта мектептің 10 “Ә” сынып оқушысы

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,
Байқоңыр қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий