Президент шешімі – нақты өзгерістерге бастайды

Қаралы қаңтар оқиғасы бізге көп нәрсені ұқтырды. Тыныштық – берекенің бастауы екеніндігіне тағы бір мәрте көзімізді жеткізді. Әлеуметтік теңдікті іздеген, өз үнін билікке жеткізгісі келген бейбіт халық мұны білмеді емес, білді. Сондықтан, олар шерудің бейберекетсіздікке ұласпауын тіледі. Алайда, ниеті бұзық басбұзар топ оған қараған жоқ. Тәңірден тілеп алған тәуелсіздігімізді таразы басына тартқысы келді.

Сын сағатта Прездент Қасым-Жомарт Тоқаев дер кезінде оң шешім қабылдады. Рас, елде төтенше жағдай жарияланғанын әрқилы жорығандар да болды. Әйтсе де, елдік мүдде үшін Мемлекет басшысының төңірегіне топтасып, бірлесіп, қауіп-қатерге қарсы тұрды. Көпшіліктің Президент  Парламент Мәжілісінің отырысында туындаған түйткілдерге қатысты түбегейлі бетбұрыс әкелетін шешімдер қабылдайды деп күткені, жасырын емес. Елдің әлеуметтік-экономикалық, саяси және құқықтық саласына серпін әкелер өзгерістер болады деп үміт артты.

Көптің күткеніндей, бірқатар салаларға серпіліс туғызар қадамдардың нақты жолы айтылды. Жұмыссыздықтың жайы, әлеуметтік теңсіздіктерді туғызар мәселелердің бәрі назардан тыс қалған жоқ. Жұрттың талап-тілегі ескерусіз қалған жоқ. Ендігі міндет – ел тілегіне құлақ асып, батыл қадамдарға бастайтын реформаларды жасауға шешім қабылдаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсету. Президент төңірегінде топтасып, өзгерістерді бірге жасау.

Арнат ЖОЛДЫБАЙ,
М.Х.Дулати атындағы өңірлік
университетінің «Жас Отан» жастар
қанатының төрағасы, Тараз қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий