Ақмола облысында Абай Құнанбаев шығармашылығының үздік оқушысы анықталды

9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен «Абайтану» IV Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін онлайн түрде өткізді. Іс-шараны Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы ұйымдастырды, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – Абайдың шығармашылық өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдана алуға бағыттау, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Олимпиадаға 10 ауданнан, Көкшетау және Степногорск қалаларынан, сондай-ақ Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған № 4 облыстық мамандандырылған «Болашақ» мектеп-интернатынан, және Щучинск қаласының «Білім-инновация» ІТ лицей-интернатынан 30 оқушы қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтыунша, олимпиада екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде қатысушылар эссе жазды, екінші кезеңде қатысушылар Абай Құнанбаевтың шығармалары, сондай-ақ Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романының мазмұны бойынша сұрақтарға жауап берді. Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар I, II,III дәрежелі дипломдармен, грамоталармен марапатталды.

Іс-шара барысында Ақкөл, Целиноград, Аршалы аудандары, Көкшетау қаласы және тағы да басқа мектептердің балалары жақсы нәтижелер көрсетті. І және ІІ дәрежелі диплом иегерлері IV «Абайтану» олимпиадасының республикалық кезеңінде Ақмола облысының намысын қорғайтын болады. Біздің жүлдегерлерді, Абай Құнанбаев шығармашылығының жас әдебиеттанушыларын лайықты марапаттармен құттықтаймыз, оларға табыс тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий