Колледж студенттері арасындағы облыстық дебат турнирі онлайн режимінде ұйымдастырылды

Аймақтағы колледж студенттері арасындағы облыстық дебат турнирі онлайн режимінде өтті. Турнирге Ақмола облысының 7 ауданынан, 3 қаласынан барлығы 25 команда (қазақ лигасы– 12 команда, орыс лигасы – 13 команда), олардың құрамында 50 бала қатысты, – деп хабарлайды осы өңірдегі білім басқармасының баспасөз қызметі.

Турнир американдық парламенттік формат бойынша өткізіліп, іріктеу кезеңінен, жартылай финалдан және финалдан тұрды. Турнир қорытындысы бойынша төрешілер жеңімпаздар мен үздік спикерлерді анықтады. Қазақ лигасында: 1 орын – «Ғасыр перзенттері», Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары педагогикалық колледжі; 2 орын – «Флейм», Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжі; 3 орын – «Шоқан жастары», Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжі.

Орыс лигасында: 1 орын – «Ар-НАмыс», «Арна» Көкшетау жоғары колледжі; 2 орын – «Алаш Pride», Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжі; 3 орын – «Жастар», Ақкөл қаласының агротехникалық колледжі. Қазақ лигасында «Рухты ұрпақ» тобының мүшесі Құмарбек Исламбек, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары Қазақ педагогикалық колледжі және орыс лигасында «Милениум» тобының мүшесі Науменко Юлия, Көкшетау қ., Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі «Үздік спикер» атанды.

Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және сыйлықтармен, үздік спикерлер – дипломдармен, команда жаттықтырушылары – алғыс хаттармен марапатталады. Турнирдің барлық қатысушыларына сертификаттар табысталады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий