Жас ұрпақты оқыту, отансүйгіштікке тәрбиелеу барша ұстаздар қауымының басты міндеті

Бүгінгі елімізде орын алған жағдай кез-келген азаматты ойландырып, етек-жеңімізді жинақтап, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып халықтың, елдің күші бірлікте екендігін тағы бір дәлелдегендей. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының төтенше жағдайда тез шешім қабылдап, қазақ халқын  сабырға шақырып, сенім білдіріп,  ел мүддесі үшін жариялаған үндеуі ел үшін, халқымыз үшін маңызды ақпарат, ел болашағы үшін ерекше қолдау.

Қазақ елінің басты мұраты – ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттікке негізделген, әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетіміздің қалыптасқан даму бағыты екендігі анық. Тәуелсіз еліміздің нұрлы болашағын қалыптастыру, білім саласын дамыту және өркендету жолында жас ұрпақты оқыту, отансүйгіштікке тәрбиелеу, ол біздің міндетіміз. 

Майқы би айтқандай «бірліксіз тірлік жоқ» екенін ұғынған ел азаматтары бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білді. Алаштың асыл аманаты Алаш жұртының амандығы, ел тыныштығы, ел тағдыры.

Күнімайгүл Смадиярқызы СМАДИЯР,
М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға
арналған мамандандырылған мектеп интернатының
тарих пәні мұғалімі, «Үздік педагог-2021»  облыстық
байқауының жеңімпазы, Ақтөбе облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий