Сүйіспеншілік пен қайырымдылыққа үндеу

«Жанашырлыққа – жан риза» дегендей қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске қол ұшын созу әрбір адамның азаматтық парызы. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», – дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныту айналаңа мейірімділік нұрын шашу игі іс.

Біздің ұжым бұл бастаманы жіті қадағалап, 2022 жылдың 1- ауысымын игі істердің бастауы ретінде  «Жүректен жүрекке» сүйіспеншілік пен қайырымдылық челленджі тақырыбымен бастады. Дұрыс ұйымдастырылған демалыс баланың психологиялық, физиологиялық тұрғыдан жақсы дамуына ықпал етіп, дүниетанымының жетілуіне мүмкіндік береді. Сондықтан ауысымға келген балаларды әр түрлі шараларға белсенді түрде қатыстырып, ой-өрістерін ілгерілету – ұжымдағы маман қызметкерлердің басты міндеті.

Уақытты тиімді пайдалануға бағыттау да педагогикадағы маңызды мәселелердің бірі. Ауысым барысында ұл-қыздардың бойына жанашырлық сезімін оятып, адамдарға риясыз көмектесуге дайын болуға үйрету мақсаты көзделді. Осыған орай оқушылар қайырымдылық челлендждерін бастап, қазақстандық жас патриоттар Академиясының құрамындағы басқа мүшелерінің қолдауы үшін жолданды.

Дарынды оқушыларды анықтау арқылы шығармашылық әлеуеттерін дамыту мақсатында ауысымға келушілер қызығушылық үйірмелеріне қатысуда, нәтижесін арнайы көрме жұмысында ортаға салады. Ауысым барысында әр түрлі зияткерлік ойындар, түрлі байқаулар, спорттық іс-шаралар, танымдық кештер, қызықты ойындар, түрлі қойылымдар, қызығушылық үйірмелер спорттық-танымдық маршруттар  жоспарланып қойылған.

«Жақсылық жасайық» топ визиткасын қорғау кеші, «Жалынды Жастар» ұйымдастырушы-ұстаздармен танысу кеші, «Ауысым дарабозы», «Өнегелі оқушы», «Ұшқыр ой мен шешен тіл»  зияткерлік ойындары,  туған күн иелерін құттықтау кеші, «Жетісу өңірімен танысу «Жақұт мекен -Жетісу» атты бекет бойынша ойыны,  «BariKeldi» ток – шоуы,  «Достығымыз жарассын» хор байқауы,   зияткерлік ойыны, «Олимп шыңы» спорт мерекесі, «World of dance» би марафоны,  дәстүрлі түрдегі ауысымның ашылу және жабылу салтанатты кеш, гала концерт.

Бұл жоспарланып өтіп жатқан шаралар балалардың интллектуалдық, әлеуметтік дамуына үлесін қосып, олардың уақытша ұжым жағдайында топпен жұмыс жасай білу қабілеттерін қалыптастырады.

Әсемгүл ДАУТАЛИЕВА,
«Балдәурен» республикалық оқу
сауықтыру орталығындағы ғылыми
әдістемелік бөлімнің әдіскері,
Алматы облысы, Қапшағай қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий