Педагогтың әлеуметтік мәртебесі мен кәсіби шеберлігі

Қай кезеңде де болмасын адамзат тарихында білім адам өмірінің ажырамас бөлшегі болып табылады. Әрине, көп жылдар бұрынғыдай, қазіргі білімнің басты ерекшілігі адамзат қоғамының бір бөлшегі – жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз болып табылады. Ұстаз әрқашан қоғамда ерекше орынды иеленді, себебі ол жалпы білім берудің негізгі принциптерін таратушы болды және бола береді.

Жер бетінде ұзақ жылдар бойы соғыстар, қайшылықтар мен апаттар болды, бірақ сонда да ұстаз өзінің негізгі функциясын – оқыту мен тәрбиелеуді  жоғалтқан жоқ. Бұл жерде бір нәрсені ұмытпау керек: ұстаздар арасында да біреулері көрініп, екіншілері өмірдің  қызу ағынында жасырын күйінде қалатындары болады, сол көрініп жүргендерді біз жаңашылдар дейміз. Себебі, бұл адамдар қоғамның дамуына, педагогикаға жаңалық енгізіп жүргендер.

Педагогика – біздің өміріміздің ажырамас бөлшегі. Біз онымен тәрбие барысында, оқыту мен білім жолында ұшырасамыз. Бірақ біз жас ұрпаққа  қазіргі нарықтық  жағдайда толыққанды маман болып шығуы үшін білім нәрімен сусындататын педагогтар туралы ұмытпауымыз керек. «Егер мұғалім беделді болса, онда мұғалімнің әсерінің іздері көптеген адамдардың бойында бүкіл өмір бойы қалып қояды.

Міне, сондықтан мұғалімнің өзіне құнтты болуы, өзінің мінез-құлқы мен іс-әрекеттері, дүние жүзінде бірде-бір адамда болмайтындай, ең күшті бақылауда болатынын сезінуі өте маңызды»,- деп М.Н. Калинин айтқандай ұстаз беделі, еткен еңбегі, адами тұлғасы келесі ұрпаққа үлгі болу керек. Ұстаз-ұрпақ тәрбиелеп өсіруші қоғам сенген өкіл. Ол мектептің айнасы, бәйтерегі, білім нәрін себуші.

Әрине, жаңаны іске асыруда басты роль мұғалімдерге жүктеледі. Мұғалім қызметінде өзгермей тұратын дүние жоқ, білім саласы үнемі дамып отырады, педагогика ғылымы жаңалықтармен толықтырыла түседі. Сондықтан болашақ маманды даярлау, оның барлық  аталған өзгерістерге бейімділігін қалыптастырудың қазіргі кезде маңызы зор. 

Жанар ТЕРЕКОВА,
№30 қазақ орта мектебінің
директоры, Ақтөбе қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий