Білімнің негізі – бастауыш сыныпта қаланады

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.

Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселе-леріне терең бойлауға бастайтын, күнде-лікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп. Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алу мен кез келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Сондықтан, оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр.

Өйткені, баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілі-гінің, белсенділігінің қалыптасуы мектеп-ке дейінгі тәрбие мен бастауыш сынып-тарда жүзеге аспақ. Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығарма-шылық қабілетінің, жалпы мүмкіндікте-рінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады.

Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады. Осы мақала барысында мектебіміздің білгенін балаға үйретуден жалықпайтын, тәжірибесін әріптестермен үнемі бөлісетін бастауыш сыныптың ұстаздары Досанова Оразкүл, Қожаниязова Гүлзипа, Молдабаева Жаңыл, Жумашова Өзипа, Нұрмаханова Гулмира, Қараманова Райла, Құдабаева Әмина, Санаева Бағдагүл жоғары буын әріптестерім барына мақтанамын.

Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу – әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі мұғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларды халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойында ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілділік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге тиіс.

Педагогикалық  мамандықтардың ішінде бастауыш сынып мұғалімі мамандығы – ерекше мамандық. Өйткені кез – келген мамандық иегері бастауыш сынып мұғалімінен тәлім-тәрбие алады. Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады.

Мектепте, ғылым саласының қай-қайсысынан болмасын, берілетін білімнің негізі бастауышта қаланады. Сондықтан да болар, А.Байтұрсыновтың: «… бастауыш мектепте үйренетін білім жұрттың бәріне тегіс керек білім ғой. Адамға тіл, құлақ, қол қандай керек болса, бастауыш мектептерде үйренетін білімдер де сондай керек»,- деуі осы сөздің айғағы.  Бастауышта берілетін білімге ерекше көңіл бөлінеді. Яғни ғылыми білімдердің негізі осы бастауыштан басталады.

Баланың оқу әрекетінің танымдық белсенділігі де осында қалыптасып, олар білімдерін өз беттерімен  толықтыра алатындай деңгейге көтеріледі.

Гульнар Абдибекқызы УСЕРОВА,
Т.Жүргенов атындағы №80 мектеп
гимназияның бастауышы сынып
мұғалімі, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы

 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий